Basty bet
Жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етеді
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы пандемияға байланысты онлайн-форматта өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен жиында адам капиталын дамыту, білім беру, денсаулық сақтау мәселелері талқыланды.
Білімге алты есе, ғылымға жеті есе қаржы бөлінеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз коронавирус пандемиясының шарықтау шегінен өткенімен, індетпен күрес əлі аяқталмағанын атап өтті. COVID-19-дың қаупіне тоқталып, оның батпандап кіріп, мысқалдап шығатынын жеткізді. Сондай-ақ қазіргі таңда əлемдегі құндылықтар айтарлықтай өзгергеніне екпін берді. «Денсаулық сақтау жүйесінің, өзін өзі қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті. Соған сəйкес мемлекет қызметінде жəне қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болмақ. Пандемия біздің еліміз үшін де үлкен сынақ болып отыр. Қазақстан халқы ешқашан қиындыққа мойыған емес. Бұл жолы да бірлігіміздің бекем екенін көрсеттік. Біз ырыс пен ынтымақтың арқасында кез келген сынақты абыроймен еңсереміз деп сенемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы өз сөзінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысына дейін атқарылған жұмыстардың нақты нəтижесі бар екенін, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру жəне өткізу тəртібі туралы» жаңа заңға қол қойғанын атап өтті. Аталған заң бойынша жиын өткізудің алдын ала ескерту қағидаты енгізілді. «Бұл құжаттың басты ерекшелігі – бұдан былай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес. Оны алдын ала ескертіп, өткізуге болады. Осы заң қоғамдық-саяси қатынастарды демократиялық жолмен одан əрі дамытуға зор үлес қосады деп ойлаймын. Жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді. Саяси реформалардың бірінші топтамасына кіретін басқа да заң жобалары əзірленіп жатыр. Сондайақ сайлау туралы жəне саяси партиялар туралы заңдарға өзгерістер енгізетін құжаттарға қол қойдым. Біз парламенттік оппозиция институтын енгіздік. Саяси партияларды тіркеуге қатысты талап жеңілдетілді. Сайлауға түсетін саяси партиялар əйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота бөлетін болады. Жала жабуды қылмыс санатынан алып тастау жəне Қылмыстық кодекстің 174-бабын ізгілендіру жөніндегі нормаларға азаматтар барынша қолдау білдірді», деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев отырыстың күн тəртібі туралы айта келіп, кез келген мемлекет үшін адам капиталы басты өлшемге айналғанын атап өтті. «Жаңа ахуал білім жəне ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тəуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сəйкес жүзеге асырамыз», деді Президент. Мемлекет басшысы білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажеттігіне назар аударып, осы мерзімге дейін білім саласына бөлінетін қаражат алты есе, ғылымға бөлінетін қаржы жеті есе өсетінін айтты. Қазақстанның білім саласына бөлетін қаржысы жеткіліксіз екенін, соның салдарынан білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда əлдеқайда кенжелеп қалғанын жеткізді. «Қазақстанның мектептері жақсы жабдықталып, сыныптағы оқушылар санының көп болмағаны қажет. Мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай 650 орындық жəне одан да көп оқушыға арналған 800 жаңа мектеп, ауылдардағы тірек мектептер үшін 114 интернат, 700-ден аса спорт залдарын салу жоспарланып отыр», деді Мемлекет басшысы. Жол картасын жүзеге асыру аясында биыл 80 оқу ордасы салынып, 16-сы күрделі жөнделіп, 1700-ге жуық нысанға жөндеу жұмыстары жасалады. Президенттің айтуынша, негізгі қаражат маңызды бағыттарға, атап айтқанда, білім жəне денсаулық салаларына бөлінбек. Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес мүшелерінің назарын қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсау проблемасын шешу жөніндегі міндеттерге аударды. Сонымен қатар білім беру саласындағы басқару жəне қаржыландыру жүйесін жетілдіру керек екенін айтты. «Мектеп жанындағы интернаттардың жұмысын одан əрі жетілдіреміз. Бұл аса қажет. 2025 жылға қарай 11 мың орынға арналған жүзден аса интернат салынуы керек. Білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі де – өте өзекті мəселе. Менің тапсырмам бойынша əкімдер барлық мектепті бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етеді. Сондайақ заманауи санитарлық талаптарға сай жағдай жасайды. Бұл шара жыл соңына дейін жүзеге асырылады. Қоғамда оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың жəне өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға арналған бірыңғай бағдарлама енгізу туралы бас таманың көтерілуі орынды. Бұл – түйткілді мəселе. Осыған орай министрлік пен сарапшылар қауымы кешенді шешімдер əзірлеуі қажет», деді ҚасымЖомарт Тоқаев.
Педагогтер мәртебесі артады
Бұдан кейін педагогтердің мəрте бесіне назар аударып, оларға қолдау көрсетіп, қоғамдағы беделді, танымал тұл ғаларға айналдыру керектігіне тоқталды. Осылайша, педагогтерге арнайы медаль тағайындалмақ. Қазіргі таңда білім, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік салада жемісті еңбек еткендерге жаңа «Халық алғысы» медалі беріледі. «Менің тапсырмаммен алдағы төрт жылда мұғалімдерге төленетін жалақыны екі есе арттыру қарастырылған. Одан бөлек, білім сапасын қамтамасыз ету өте маң ыз ды. Педагогикалық білім беруді жаң ғыр ту оқу жоспарларының 100% жаңар ты луын, IT-құзіреттер, оқытудың за манауи əдістері мен технологиялары бо йын ша арнайы модуль енгізуді қамта масыз етуі керек», деді Мемлекет басшысы. Қашықтан оқыту білім саласының жаңа қырын ашқанына тоқталған Президент педагогикалық білімді жаңғыртуды жүзеге асыруда оқулықтарды 100 пайыз жаңартып, заманауи дəуірге лайықтау қажеттігіне де екпін берді. «Педагогика мамандықтарына түсуге қойылатын талаптарды біртіндеп арттыру қажет. Оларды тартымды ете түсу үшін болашақ мұғалімдерге арналған шəкіртақыны 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру керек. Біліктілік талаптарын күшейту арқылы педагогикалық мамандықтар бойынша кадр даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің бейімденуін қамтамасыз ету қажет. Жалпы, мұғалімдер арнайы университеттерде оқытылып, əзірленуі керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент еліміздегі жоғары оқу орындарының футболдағыдай шартты түрде лигаларға бөлінуін қолдайтынын жеткізді. Осындай қадам арқылы универ ситет тердің бір-бірімен жарысып, бəсеке лесуіне мүмкіндік туады. Сондайақ білім саласын қаржыландыру мен басқару жүйесі де жетілдіруді қажет етеді. «Менің шешімім бойынша 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін бас қару жəне оларды қаржыландыру облыс тық деңгейге өтеді. Бұдан бөлек соңғы уақытта оқу орындарының басшы ларын тағайындау тəртібі туралы мə селе жиі қозғалуда. Үкімет балабақша меңгерушілерін, мектептер мен колледждердің директорларын тағайындаудың түсінікті əрі ашық жаңа жүйесін əзірлеуі керек. Директорларды алмастыру жəне аттестациялау институтын енгізу ісі де басқарудың тиімділігін арттыруға тиіс», деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім маман ды ғының маңызы ерекше екеніне тоқта лып, сол себепті оларды ерекше жағ дай жасайтын білім ордаларында даярлаудың маңызын түсіндірді. Білім сала сын қаржыландыру жəне басқа ру жүйе сін жетілдіріп, оның барлық сатысын дағы басқаруды жаңғырту керек. Осы мақсатта коллегиялық басқару жүйе сін, бақылаушы жəне қамқор шылық ке ңесін құру қажет. «Баланы жастайынан жетілдіру жүйе сі де халықаралық стандарттарға сай кел мейді. Мектепке дейінгі білім беру саласын белсенді түрде жетілдіріп, мек теп бағдарламасымен сабақтастыра білуі міз керек. Жуық арада 3-6 жас аралы ғындағы балаларды мектепке дейінгі тəрбиемен жəне біліммен қамту дең гейі 100 пайызға жетеді. Əйтсе де бала ны мектепке дейін дамы тудың толық қанды моделі жоқ. Үкі мет оны жыл дың соңына дейін əзірлеуі тиіс. Соны мен қатар балаларды қо сымша білім мен барынша қамтуы мыз керек. Балалардың спорттық, интел лек туалдық, шығармашылық қырын ашу да өте маңызды. Бұл мақсатта жеке бас тамашылықты қолдау қажет. Мемле кеттік тапсырыс қосымша білім берудің жеке ұйымдарына барынша тиімді жағ дайда берілуі тиіс. Əсіресе бұл ауылдар мен шағын моноқалалар үшін маңызды», деді Президент.
Бұдан кейін техникалық-кəсіптік білімді əрі қарай дамытуға назар аударды. Мəселен, «Жас маман» жобасы аясында 180 колледждің материалдықтех никалық базасы жаңартылып жатыр. Тегін техникалық білім беру бағдар – ла масымен жыл сайын 100 мың студент қамтылады. Аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ауыл жас тары ерекше назарды қажет етеді. Осыған байланысты Үкіметке техникалық-кə сіптік білімі бар кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырысты арттыру мəселесін жетілдіруді тапсырды. «Техникалық-кəсіптік білім беретін колледждерде академиялық еріктілікті енгізу, несиелік жүйеге көшу, жас басына есептеп қаржыландыру маңызды реформаларға айналуы керек. Кəсіптік бағдар еңбек нарығындағы алдағы 10-15 жыл ішіндегі қажеттілікті ескеруі қа жет. Ол үшін Білім жəне ғылым министрлігі «Жаңа мамандықтар мен құзіреттердің атласын» енгізуі тиіс. Білім жəне тəрбие жүйесінің маңызды компо ненттерінің бірі ретінде Қарулы Күштер де маңызға ие. Əскери міндетін атқарумен бірге армияда болу – белгілі бір кəсіби дағдыға баулу қажет. Білім жəне ғылым министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бұл ұсынысты кеңінен талқылауы тиіс. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелеріне де өз ұсыныстарын беруді сұраймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Төтенше жағдай мен карантин режімі қашықтан оқыту жүйесінің кемшін тұстарын көрсеткен-ді. Осыны атап өткен Мем лекет басшысы келешекте пандемия лық дағдарыс қайта келуі мүмкін екенін ескертіп, аталған білім беру жүйесіндегі мəселелерді реттеуді тапсырды. «Елімізде оқулықтар сапасы мəселесі жиі көтеріледі. Білім сапасы айналып келгенде оқулықтың сапасына байланысты. Бұл – аксиома. Сол себепті ғылыми-практикалық сараптамаға қойылатын талапты едəуір арттырып, оқулықтардың апробациясын түпкілікті түрде көтеру керек. Бұл – Білім жəне ғылым министрлігінің міндеті. Еліміздегі оқулықтардың сапасы өте нашар. Заң намалық түрде сол оқулықтарды жазатын адамдардың жауапкершілігін бекі туді тапсырамын. Нашар оқулық дайын дадың ба, жарамай қалды ма – оны жазған адам жауапкершілігін көтеруі керек. Басқаша болмайды. Қазіргі таңда көп шілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын. Біз «Педагог мəртебесі туралы» заң аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде, жоғары оқу орны оқытушысының жалақысы мұғалімнің жалақысынан аз. Осыған орай Үкімет жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысын көбейту мəселесін қарас тыруы керек», деді Президент.
Грантқа бөлінетін қаржы үш есе көбейеді
Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастардың шетелге кету мəселесіне ерекше назар аударды. Мұның себептерінің бірі ретінде жоғары білім беру жүйесінің бəсекеге қабілетсіздігін атап көрсетті. «Білім гранттарының орташа құнын 340-420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық. Яғни, грант құны үш есе артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады. Бұл – маңызды қадам. Өйткені грант құны 2011 жылдан бері өскен жоқ. Еліміздің 10 жоғары оқу орны əлемнің үздік 500 университетінің қатарына қосылуы керек. Жоғары білім беру сапасының негізгі көрсеткішінің бірі – осы. Бұл межеге 2025 жылы жетуіміз қажет. Қос дипломды бағдарламаларды, студенттердің, жоғары оқу орындарының оқытушыпро фес сорлық құрамының ішкі жəне сыртқы академиялық ұтқырлығының түрлі формаларын дамытқан жөн. Қазақстандық университеттердің базасында шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының кампустарын ашу керек. 10 университетте академиялық басымдық деп аталатын студенттердің тұруына қауіпсіз əрі жайлы орталықтар құрылуы тиіс. Алдағы 5 жылдың ішінде кемінде 90 мың жатақхана орны салынуы керек. Жатақхана өте өзекті əрі өмірлік мəні бар мəселе», деді Мемлекет басшысы. Президент білім саласының сапасын жақсарту үшін білім ордаларына қойылатын талаптың күшейтілетініне тоқталды. Осыған байланысты дипломды оңды-солды беретін оқу орындары жабылады. Қасым-Жомарт Тоқаев мұны тез арада нақты аяқтау қажеттігін атап көрсетті. «Жоғары оқу орындарын кезең-кезеңімен салаландыруға, мамандықтарды толықтырып, білім сапасын арттыруға жағдай жасаған жөн. Білім сапасын жақ сартудың маңызды қыры – академиялық адалдық мəдениетін енгізу жəне жан-жақты тарату. Министрлік «Академиялық адалдық лигасына» мүше жоғары оқу орындарын дамытуға жəне қолдауға міндетті. Ең маңызды мəселе – жоғары білімнің қолжетімділігі. Мемлекеттік білім гранттарын бөлу жүйесінде ауқымды əлеумет тік құрамды қарастыру керек деп са най мын. Яғни үміткердің оқу же тістік теріне ғана емес, оның əлеуметтікэко но микалық жағдайына да назар аударған жөн. Аз қамтылған отбасылар үшін, азаматтар мен жастардың əлеуметтік əлсіз санаттары үшін грант санын көбейту мəселесін қарастыру керек. Жоғары білім ақысын төлеу үшін жеңілдетілген несие беру – қолдаудың тағы бір түрі болар еді. Үкіметтен, сондай-ақ Ұлттық кеңес мүше лерінен осы мəселе бойынша өз ұсыныстарын жасауды сұраймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруға шақы рып, бұл мəселеде Еуропа елдерінің тəжірибесіне назар аудару қажеттігін айтты. «Олар тіл үйрету барысында, негізінен, оқу орындарындағы жастарға көбірек мəн береді. Сондықтан Тіл коми тетін 2021 жылдан бастап Білім жəне ғылым ми нистрлігінің қарамағына өткізген жөн. Бұл қазақ тілін оқыту əдістеме сін əзірлеу жəне оны үйрету ісіне қатыс ты əлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұн дай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау жəне мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді. Біздің ғылыми инфрақұрылым еліміз дің алдында тұрған ауқымды міндеттерді ше шуге əлі қауқарсыз. Мұны ашық мойындау керек. Ғылым кадрларын даярлау үшін, ең алдымен, оларға жағдай жасау керек. Сондықтан жыл сайын кемінде 100 ғалым ның əлемдегі жетекші зерттеу орталық тарында ғылыми тағылымдамадан өтуіне қаржы бөлген жөн. Жетекші ғылы ми орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнаулы мемлекеттік тапсырыс беру қажет. Докторантураға бөлінетін грант тардың құнын арттыру керек. Докторанттардың көбі – отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезеңде негізінен стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу жөніндегі бастамасын жалғас тырған жөн. Оның алдағы үш жылға арналған жалпы құны – 3 миллиард тең ге. Жалпы ғылымға бөлінетін қаржыны жоспарлы түрде көбейтеміз. 2025 жылға қарай оны ішкі жалпы өнімнің 1 па йызына дейін жеткіземіз. Осы ретте біз еш кім оқымайтын, қажетсіз жұмыстар мен зерттеулерді қаржыландыруға жол бер мейміз. Əрбір ғылыми жұмысқа қатаң талап қойылуға тиіс. Сондай-ақ оның нақты əлеуметтік-экономикалық, өндірістік жəне техникалық қайтарымы болуы қажет. Бағдарламалық-нысаналы қар жыландыру тек ұлттық ғылыми-техни калық міндет тұрғысынан бөлінуге тиіс», деді Мемлекет басшысы. Ел Президентінің сөзіне қарағанда, негізгі басымдық медициналық-биологиялық зерттеулер, агроөндірістік ғылым, «жасыл» технология, жасанды ин тел лект, энерготиімділік сынды салалар ға берілмек. Сондай-ақ бірреттік грант тық конкурстар нəтижесіне қарамас тан, үздік сіз жүзеге асырылуы тиісті ір ге лі зерттеу лер жүргізумен айналысатын ғылыми ұйымдарды тікелей қолдаудың маңызына екпін берді. «Үкімет іргелі ғылым мен зерттеу инсти туттарының базалық қаржыландыру көлемін арттыру мүмкіндігін қарастыруы қажет. Проблемалы мəселелердің бірі – зерттеулер үшін құрал-жабдықтардың жетіспеуі. Биыл менің тапсырмама сəйкес, институттарды материалдық-техни калық жарақтандыру бойынша жаңа бағдарлама ашылды. Алайда ол толық қар жыландырылмай отыр. Бұл проблеманы шешу қажет. Бүгінде əлеуметтік, гума нитарлық, ауыл шаруашы лығы ғы лымдары бойынша мықты ға лымдардың өте тапшы екендігі байқалады. Оны бірлескен зерттеулер жүргізуге жəне докторанттар мен магистранттарға жетек шілік ету үшін жетекші шетелдік ғалым дарды тарту арқылы шешуге болады. Мұндай тəжірибе нақты нəтиже əкелуі тиіс. Ірі отандық кəсіпорындардың, компаниялардың технологиялық алаңдарын жоғары оқу орындарымен жəне зерттеу институттарымен байланыстыру да маңызды. Үкіметтен жəне сарапшылардан тиісті ұсыныс əзірлеуді өтінемін. Қазақ стан ғылымының цифрлық экожүйе сін қалыптастыру, ұлттық ғылымисарап тамалық жүйені, отандық ғалымдар базасымен қазақстандық ғылыми ци тата келтірудің индексін құру да маңызды. Мемлекеттік əкімшілеу тиімді лігін арттыру үшін салааралық үйлес тіруді қамтамасыз ететін орган ретінде Білім жəне ғылым министрлігін айқындау қажет. Бұл шаралар Парламент қабырға сында қаралып жатқан ғылым туралы заң намаға өзгерістер топтамасында көзделуі тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Медицина қызметкерлерін қолдау күшейеді
Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының бүкіл əлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін, шын мəнінде, ауыр сынақ болғанын атап өтіп, бұл ахуалдың Қазақстанда кəсіби дəрігерлердің тапшы екенін анық аңғартқанын жеткізді. Сондай-ақ бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дəрігерлер құқының қорғалмауы себеп болып отырғанын айтты. «Түрлі сала мамандары ішінде ең тө мен жалақыны дəрігерлер алады. Үкіметке биылдан бастап дəрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырамын. Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет. Бұған дейін қазақстандық медицина туралы теріс пікір жиі айтылатын. Дəрігерлік қателік үшін заңсыз əрі əділетсіз қылмыстық қудалау фактілері де жиі кездесті. Меніңше, бұл тəжірибені қайта қарау қажет. Əсіресе, міндетін тиісті деңгейде орындамаған медицина қыз мет керлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту мəселесін сыни тұрғыда пайымдау өзекті. Тергеу барысында немқұрайлы əрекетті анықтау өте күрделі. Бұған қоса қылмыстық бапқа тартылған дəрігерлердің аз емес екенін де білеміз. Сонымен қатар клиникалық зерттеу жүргізу тəртібін бұзғаны үшін қылмыстық жазалауды қолдауды қайта қарастырған жөн. Медицина мамандары жазалану қатері болатындықтан, ғылымнан бас тартады. Əрине жоғарыда айтылғандар азаматтардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті дəрігерлерден босатпайды, бірақ оны əлемнің дамыған елдеріндегідей əкімшілік жəне азаматтық-құқықтық тұрғыда жүргізу керек», деді Мемлекет басшысы. Президент медицина қызмет керлерінің кəсіби қызметіне кепілдік беруді, заңды жəне қаржылай көмектесуді, жауапкершілік жүйесін əзірлеп, енгізуді тапсырды. Сонымен қатар медицина инфрақұрылымын дамытуға байланысты бірқатар мəселені шешуді тапсырды. «Алдағы 5 жылда мемлекеттік денсау лық сақтау мекемелерін медициналық техникамен 100 пайыз қамтамасыз етуіміз керек. Сонымен қатар жаңа ауруханалар салу қажет. Жұмыспен қамту жол картасының аясында биылдың өзінде 24 жаңа денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі. 2025 жылға қарай мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 ірі клиника салынады. Құрылыс мемлекетжекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Үкімет пен əкімдер бұл тапсырманы мүлтіксіз орындауға тиіс. Бүкіл əлемде пандемия қайта өршіп кетуі де мүмкін. Сол үшін жұқпалы ауру ларды емдейтін клиникалардың бар лығын халықаралық стандарттарға сəйкестендіруіміз керек. 2010 жылдан бері денсаулық сақтау саласы мен экстенсивті тиімділіктің кейбір бағыттарын оңтайландыруға баса мəн бердік. Нəтижесінде, 1000-ға жуық жұқпалы ауруларға арналған орын қысқарды. Биологиялық қауіп-қатерлерді ескере отырып, Үкімет белгілі бір бағыттар бойынша денсаулық сақтау жүйесіндегі рұқсат етілген артықшылық мəселесін қарастырып, оның қиын-қыстау жағдайларға дайын болуына қолдау көрсетуі қажет», деді Мемлекет басшысы. Бұдан кейін Президент азаматтардың денсаулығын сақтауға қатысты ісшараларға маңыз беруге тоқталды. Осы бағыттағы жұмысты жетілдіру үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен тиісті мекемелердің адамдарды бала кезден денсаулыққа маңыз беруге тəрибелеуге, санитарлық-медициналық шараларды қабылдауға міндетті екенін айтты. «Қордаланып қалған тағы бір мəселе – өңірлердегі көмектесудің деңгейі бір-бірінен алшақ. Инфрақұрылымдық айырмашылықтан бөлек, қала мен ауылдар да кадрлармен қамтамасыз етуде ай тарлықтай теңгерімсіздік бар. Жал пы, шаралар əзірленген. Енді оларды жү зеге асыру маңызды. Үкімет ауыл дық денсаулық сақтаудың тиімді моде лін құру бойынша шаралардың орын да луын қатаң бақылауға алуы тиіс. Ден саулық сақтау саласында цифрландыру процесін жеделдету жəне тиімділігін арттырған жөн. Медициналық құжат тарды қағазсыз жүргізуді енгізу қажет. Ден саулық сақтауды дамытудың мемле кеттік бағдарламасы аясында ден сау лық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңіс тігін құру жоспарланған. Медици налық ұйымдардың 90 пайызы плат формаға ықпалдастырылады. Электрон ды денсаулық төлқұжаты енгізілді. Ме ди циналық ақпараттарды сақтаудың бірың ғай базасы құрылды. Бұл жұмыс жоспарын жүзеге асыру қажет. Денсаулық сақтау жүйесіне білікті ІТ-мамандарды тарту, отан дық бағдарлама жасайтындардың əлеуетін медициналық ақпараттық жүйеге жұмылдыру маңызды», деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жəне көршілес мемлекеттердің аумағында тұрақты табиғи ошақтар мен өзге де қауіпті инфекциялардың болуына байланысты ахуал күрделене түскенін атап өтті, сондай-ақ бірқатар жүйесіз реформа мен қайта ұйымдастыру санитар лық-эпидемиялық қадалағау жəне инфек циялық бақылау жүйелерінің əлсіреуіне əкелгеніне тоқталды. Бұл ретте санитарлық-эпидемиялық қыз метті күшейтуге баса назар аударды. «Осыған орай қазірдің өзінде жаңа комитетті құру жұмысы басталды. Бас мемлекеттік санитарлық дəрігердің мəртебесі мен өкілеттігі артады. Мұндай реформаға жағдай ықпал етті. Бұл қызметтің мамандарын əлеуметтік қорғау жəне кадрларды даярлау жүйесі қайта қаралады. Бұған қоса инфекциялық аурулармен күрес саласында шетелдермен ынтымақтастықты одан əрі нығайту қажет. Биологиялық қауіпсіздік жүйесі ортақ стандарт бойынша жұмыс істеуі жəне қатерлерге еларалық өзара іс-қимыл мен қарсы тұру шараларын қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы заңды жыл соңына дейін қабылдау қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы пандемия кезінде өңірлердің жылдам əрекет етіп, жедел шешім қабылдай алмағанына назар аударды. Денсаулық сақтау саласына қатысты көптеген мəселе орталықтың тікелей араласуымен шешіліп отырды. Сондықтан төтенше жағдай кезіндегі басқару ісін нақты құрылымға сай бір орталықтан жүргізу керек. «Елімізді дəрі-дəрмекпен жəне медициналық өнімдермен қамтамасыз ету ісінің олқылықтары анықталды. Біз импортқа тым тəуелдіміз. Шетелден келетін дəрілердің нарықтағы үлесі – 88 пайызға жуық. Фармакологиялық зерттеулер жүргізу үшін тəжірибеміз жеткілікті. Ғылыми база да, білікті мамандар да бар. Сондықтан Үкімет дəрідəрмек өндірісінің біртұтас жүйесін құруы қажет. Мұнда зерттеу жүргізуден бастап, өнеркəсіптік деңгейге дейінгі үдерістер қамтылуға тиіс. Фармацевтика саласындағы саясат ішкі сұранысты қамтамасыз етуге, озық технологияны тартуға жəне импортты алмастыруға бағытталғаны жөн. Осыған орай, фармацевтика жəне медицина өнеркəсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жəне іске асыру міндеті Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі. Бұл ретте саланы дамыту жəне халықты тиімді дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етудің тепе-теңдігі бұзылмауы керек. Үкіметке отандық фармацевтика өнеркəсібін дамыту жоспарын жасауды тапсырамын. Онда нақты көрсеткіштер мен мақ сатміндеттер айқындалуға тиіс», деді Президент. Сондай-ақ жиын барысында Президент кеңесшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин баяндама жасап, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында айтылған ұсыныстар жөнінде əңгімелеп берді. «Елімізде төтенше жағдай режімінің енгізілуіне қарамастан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері ауқымды жұмыс жүргізді. Ең алдымен Ұлттық кеңестің мүшелері Мемлекет басшысының екінші отырыста берген тапсырмаларын іске асыру бо йынша жұмыстарға белсене қатысты. Берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында Президент Əкімшілігінің басшысы 21 тармақтан тұратын арнайы іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Осыдан кейін мемлекеттік органдар жəне Ұлттық кеңес мүшелері бірлесе отырып, берілген бағыттарды жүзеге асыруға кірісті. Əсіресе, заң жобалары бойынша жұмыс топтарындағы талқылауларға қатысу Ұлттық кеңес мүшелерінің негізгі жұмыс бөлігін құрады», деді ол. Ұлттық кеңес хатшысының айтуынша, жалпы алғанда шамамен 20 талқылау өткізілді. Сонымен қатар Ұлттық кеңес мүшелерінің қатысуымен Парламентте парламенттік оппозиция институтын енгізу, Қылмыстық кодекстің 130-бабын декриминилизациялау, 174-бапқа өзгерістер енгізу бойынша басқа да заң жобалары қарастырылды. Оған қоса еліміздің өңірлерінде коронавирусқа қарсы іске асып жатқан күрес шарала рының тиімділігі Ұлттық кеңес мүшелерінің тарапынан үнемі бақылауда. Бұдан кейін Білім жəне ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ведомство басшысының айтуынша, мектепке дейінгі білім деңгейінде балаларды кезекке қою жəне қабылдау 100 пайыз автоматтандырылған. «Мектеп деңгейінде құрылыс нормалары мен ережелерін жəне санитарлық ереже талаптарын жеңілдетіп, үш қалада пилоттық режімде жан басына қаржыландыру жұмысын бастадық. Соның арқасында қазір жекеменшік мектептердің үлесі артып келеді. Тек қана бір жыл ішінде жекеменшік мектептердің үлесі 75 пайызға артты. Өткен жылы 70 жекеменшік мектеп іске қосылды», деді Асхат Аймағамбетов. Министр үш ауысымды мектептер мəселесіне тоқталып, алдағы басты мақсат бір ауысымды мектептерге көшу екенін жеткізді. Сондай-ақ білім сапасын арттыруға ден қойылғанын атап өтті. «Мектеп қабырғасында тəрбие жұмысын дұрыс ретке қою мəселесін қолға алдық. Сондықтан осы жылдан бастап жаңа оқу тəрбиесі парадигмасы іске асырылуда. Ең бастысы, елін сүйер қазақстандықтарды тəрбиелеп, отбасылық құндылықтарды бойына сіңірген азаматты қалыптастыруға бағытталған. Тағы да бір маңызды мəселе – ауыл мен қала арасындағы алшақтық. «PISA» соңғы көрсеткіштерін қарайтын болсақ, Қазақстан бойынша ауыл мен қала оқушыларының білім сапасы орта есеппен 1,5 жылды құрайды. Əрине, біріншіден, ауыл мен қала арасындағы алшақтық болса, екіншіден, өңір мен өңір арасындағы үлкен алшақтық бар. Сондықтан қала мен ауыл, өңір мен өңір арасындағы алшақтықты жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл проблеманың негізгі себебі – мұғалім жетіспеушілігі, əсіресе ауылдық жерлерде. Өйткені бала аз болса сағат та аз, сағат аз болса білікті мұғалім бармайды. 1 ставка алу үшін мұғалімдер 18 сағатқа жұмыс істеуі керек, бала аз болған соң сағат жетіспейді. Сондықтан бұл – өте күрделі мəселенің бірі», деді А.Аймағамбетов.
Отырыста сөз алған BTSDigital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстанның жаңа мамандықтар атласы күзде қолданысқа беріледі. Сонымен қатар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің əлеуметтік-мəдени жаңғыру мəселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, қоғам қайраткерлері – Асылбек Қожахметов, Рауан Кенжеханұлы, Мұрат Əбенов, Төлеутай Рахымбеков сөз сөйледі.