Basty bet

Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы №10 қаулысына сәйкес ауданда төрт мониторингтік топ құрылған.
Ағымдағы жылдың 21 қазанында ІІ-мониторингтік топ бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, №30 Көктөбе орта мектебіне Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің №38 қаулысын таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, аудан орталығындағы бір сұлулық салоны, екі дәріхана, бір кафе, бір теміржол бекеті, үш дүкен, жалпы тоғыз нысанға рейд жұмыстары жүргізіп, карантин режімін бұзғаны үшін бір жеке тұлғадан түсініктеме алынып, аудандық полиция бөлімі тарапынан хаттама толтырылды.
* * *
Ауданда орналасқан нысандардың жұмысын IV-мониторинг тобының мүшелері де жіті қадағалауда. Санитарлық талаптардың сақталуы бойынша апта ішінде Қарасаз, Жетітөбе және Күреңбел ауылдық округтеріне қарасты үш мектеп, екі бөбекжай-балабақша және алты дүкеннің жұмысы зерделеу жүргізілді. Күреңбел ауылдық округіне қарасты «Күреңбел» бөбекжай-балабақшасының 2-ші топ тәрбиешісінен жергілік учаскелік полиция инцпекторы түсініктеме алды. Қызметкер жұмыс уақтысында медициналық бетпердесіз 2-ші топтың балаларын сыртта орналасқан әжетханаға алып барған және балабақша ішінде бетпердесіз жүрген. Зерделеу барысында басқа да нысандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
* * *
Аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Уркумбаев жетекшілік ететін І мониторингтік топ кеше Б.Момышұлы ауылындағы бірқатар азық-түлік дүкендері мен Көлбастау ауылында орналасқан дүкендерді, барлығы тоғыз нысанды аралады. Рейд барысында Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің №38 қаулысы таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бір жеке тұлғадан карантин талаптарын бұзғаны үшін түсініктеме алынды.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close