Basty bet
Мемлекеттік қызметші үшін айқын бағдаршам
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданғаны белгілі.
Бұл Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес олардың моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлықтар стандарттары белгіленген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласының іргетасы қаланғалы бері әдептілік мәселесі өзектілігін жоғалтқан емес. Себебі, әдептілік – мемлекеттік қызметтің негізгі ұстанымдарының бірі болып табылады. Әрбір қазақстандық мемлекеттік қызметші өз қызметінде мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық ереджелерін реттейтін ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін басшылыққа алады. Кодекске сәйкес мемлекетті кқызметшілер жоғары кәсібилік нышаны, адал, әділ, қарапайым, сыпайы болуы, жалпыға ортақ моральдық-этикалық талаптарды ұстануы, өз міндеттерін сапалы, тиянақты орындауы тиіс. Әдептілік – өркениетті қоғамның адамгершілік ұстанымы екенін есте сақтаған жөн.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарының сақталуына жүйелік бақылау жүргізу, өз кезегінде мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу маңызды жұмыстардың бірі.
Мемлекеттік қызметшілердің міндеттеріне шектеулер және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері жатады. Орындаушылық тәртіптерін сақтау мәселелері, қызметшілердің жауаптылығы, мінез-құлқының жалпы стандарттары әрбір мемлекеттік қызметкердің қай кезде болмасын жоғары моральдық әдеп нормаларын сақтау болып табылады.
Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызметшілердің этикасы түрлі дең¬гейдегі мемлекеттік қызметшілер үшін айқын бағдаршам. Мемлекттік қызмет – мерейлі міндет. Осы орайда мемлекеттік қызметтегі этика талаптарын сақтау мәселесі мемлекеттік қызметші үшін қашанда маңызды болып қала береді.
Ержан НЫСАНОВ,
аудандық қазынашылық басқармасы
басшысының орынбасары