Basty bet
Жалақы кешіктірілмеуі керек
Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметованың төрағалығымен әлеуметтік-әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері мен аудан әкімідігіне қарасты бірнеше бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Комиссия отырысында мекемелер мен кәсіпорындардағы еңбекақы берешегі туралы мәселе қаралды.
Отырысты аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы ашып, жүргізді.
Басқосу барысында бірқатар мекеме басшылары жалақыны уақтылы төлеу жағдайы туралы және жыл соңына дейінгі болжамдары туралы баяндама жасады.
Отырыста барлық баяндамашылардың баяндамалары назарға алынды. Тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауында айтылғандай ең төменгі айлық мөлшерін 60 мың теңгеге көтеру туралы орындау үшін тапсырмасын орындау құрауы үшін ауданда жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылды.
-Жұмысшылардың жалақысы кешіктірілмеуі керек. Ең бірінші кезекте, еңбек етіп жүрген жұмыскерлердің айлығы уақтылы төленуі тиіс. Өйткені, бүгінгі таңда жалақының отбасылық жағдайда маңызы зор. Тұрғындардың көбісі бір жалақыға қарап отыр. Еліміздегі құрғақшылық, қуаңшылық салдарынан көптеген қиындықтар туындауда. Сондықтан бірде-бір азаматтың айлығы төленбей қалмауы керек. Осы мәселені әрдайым назарда ұстаған жөн, – деп Анар Садыққызы үш жақты комиссия отырысын қорытындылады.
Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»