«JÝALY ADALDYQ ALAŃY» жобалық офисі Б.Момышұлы ауылдық әкімшілігі, Ақсай, Мыңбұлақ ауылдық округтері, С.Сейфуллин атындағы ОМ, Б.Момышұлы, А.Пушкин, М.Әуезов, М.Ломоносов атындағы орта мектептерінде және Диқан, Көктөбе ОМ-де, «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» жалпыреспубликалық акциясы аясында сауалнама жүргізді.
Шараның мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін, сондай-ақ, халықтың қандай бөлігі қандайда бір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қатысуға дайын екенін анықтайды
Осы мақсатта «Жуалы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» жалпы республикалық акциясын жалғастыруда. Акция қорытындысы бойынша аудан және ауылдық округ әкімдеріне баға беріледі. Онда басшылықтың қаншалықты ашық екендігі және халық үніне құлақ түруі ескеріледі. Мемлекет органдары басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрғындарға сауалнама жүргізу арқылы бағаланады. Осы орайда 15 қазан күні Бауыржан Момышұлы ауылы әкімшілігінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. Аталған іс-шарада халық тарапынан түскен сұрақтарға толықтай жауап берілді. Арнайы дайындалған үнқағаздары таратылды.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы болып саналады. Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы қалыптасты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық тәжірибесіне әлем мойындаған халықаралық қағидаттар мен стандарттарды енгізу басты шарттардың бірі.
Қазіргі таңда агенттік азаматтар мен мемлекеттік институттарды жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органы болу үшін тиісті шаралар қабылдауда. Біздің миссиямыз – «Қазақстан халқының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою». Оны іске асыру жұмыстың жаңа тәсілдері мен құралдарын қажет етеді. Сондықтан да, біз тәсілдерді, қалыпты жұмыс істеудің тұтас тізбегін өзгертудеміз. Жұмыстың барлық бағыты өзгеруде. Біз озық тәжірибеге сүйене отырып, агенттікте Парасаттылық, Превенция және Серіктестік деп аталатын үш жаңа департамент құру туралы шешім қабылдадық. Біздің барлық бастамаларымыз айқын құндылықтарымыздың призмасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл – әділдік, парасаттылық және сенім.
Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысуға дайын азаматтар саны артуда. Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын қоңыраулар көбеюде. Мәселен, биылғы 10 айда агенттіктің 1424 нөмірі бойынша call-орталығына мұндай жағдайлар бойынша 600-ден аса адам хабарласқан.
Осы орайда С.Сейфуллин, Б.Момышұлы, А.Пушкин, М.Ломоносов атындағы, т.б. орта мектептердің ұжымымен және жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өткізілді. Аталған іс-шарада халық тарапынан түскен сұрақтарға толықтай жауап берілді. Арнайы дайындалған үнқағаздары таратылды.
Мемлекеттік аппаратты жемқор шенеуніктерден тиянақты түрде тазарту соңғы жылдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының тұрақты төмендеуін байқатады. Қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қатынасы өзгеруде. Яғни, жұмысымыздың стратегиялық бағыты дұрыс қойылған. Нұрлыкент ауылдық округінде орналасқан Мұхтар Әуезов орта мектебінің ұжымымен және жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Аталған іс-шарада халық тарапынан түскен сұрақтарға толықтай жауап берілді. Арнайы дайындалған үнқағаздары таратылды.
Биыл 20 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру туралы жиналыс өткізіп, бағынышты қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін мемлекеттік органның бірінші басшыларының жұмыстан кетуі институтын енгізу туралы тапсырма бергені белгілі. Дәл қазір осы норманы іске асырудың нақты тетіктері айқындалған заң жобасы Президент Әкімшілігінің қарауында жатыр. Ол бойынша, егер мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша сотталса, оның тікелей басшысы жеке басымен жауап беретін болады. Егер бұл жағдай әкімшілік мемлекеттік қызметшіге жататын басшыда болса, онда ол жұмыстан шығаруға дейінгі тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қоса, мемлекеттік орган басшыларының өзіне бағынышты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын ескерту міндеті енгізілуде. Бұл шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.
* * *
«JÝALY ADALDYQ ALAŃY» жобалық офисі №13 А.Байтұрсынов атындағы ОМ, №2 Мыңбұлақ ОМ, №5 Ломоносов атындағы ОМ, №6 А.Пушкин атындағы, №30 Көктөбе ОМ, М.Әуезов атындағы орта мектептерінің оқушыларға арналған әжетханаларына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Онда мектеп әжетханаларын мектеп ішіне орналастыруына бақылау жасалды
* * *
«JÝALY ADALDYQ ALAŃY» жобалық офисі №22 Б.Момышұлы ОМ, №13 А.Байтұрсынов ОМ, №5 М.Ломоносов атындағы ОМ, №6 А.Пушкин атындағы ОМ, №2 Мыңбұлақ ОМ, №27 Диқан орта мектепіне штаттық режімдегі (дәстүрлі) оқыту барысына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Шараның мақсаты – коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде жалпы санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді басшылыққа алып, олардың талапқа сай болуына назар аудару.
Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты №22 Б.Момышұлы атындағы орта мектепте штаттық режімдегі (дәстүрлі) оқыту барысын зерделеп қайтты. Мектеп ұжымы санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, мектеп штаттық оқыту форматында жұмыс жасауда. Мектепте барлығы 122 оқушы білім алады. 11 сынып-жинақтары қалыптастырылған. 18 оқу кабинеті бар. Балаларды сыныптарда барлық нормаларды сақтап отырғызу, яғни «бір сынып – бір кабинет» қағидаты бойынша оқытуды қамтамасыз етіледі. Тек 9-сыныпта оқушылардың саны 15-тен асуына байланысты екі топқа бөлініп оқытылады. Санитарлық талаптарға сәйкес әр сыныпта қоңырау уақтысы әртүрлі. Бұл мектеп оқушыларының арақашықтықты сақтауы үшін жасалған. Сонымен қатар әрбір қабатта пән мұғалімдерінің кезекшілігі ұйымдастырылған. Мектептің дәлізі мен әрбір оқу кабинетінде аяқ киімге арналған дезинфекциялық кілемшелер, қолжуғыш, сұйық сабын, қоқыс жәшігі, антисептик және қолды дұрыс жуу нұсқаулықтары, арақашықтықты сақтау бойынша жапсырмалар ілініп тұр.
Мектептің кіреберісінде медбике оқушылар мен қызметкерлерді таңғы фильтрден өткізеді. Ол дегеніміз – күн сайын дене қызуын өлшеп, өзінің журналына тіркеп отырады.
А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2020-2021 оқу жылында Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде жалпы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер басшылыққа алынып, талапқа сай орындалуын зерделенді.
Жалпы мектепте білім алушылар саны – 665, мектепалды даярлық тобында 51 бала қамтылған. Білім алушылардың, педагогтердің денсаулығын сақтау мақсатында оқу процесі, яғни 5-11 сыныптарда қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылған. 5-11 сыныптарда 392 білім алушы «Дарын онлайн», «Күнделік.kz» плтформалары және WhatsApp желісі арқылы білім алуда. Оқу форматына қарамастан, қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушыларға мұғалімдер мен ата-аналардың көмегімен 1-11 сыныптардан бастап республикалық «Ел-Арна», «Балапан» теледидарлық сабақтары арқылы оқу мүмкіндігі беріледі. Теледидар сабақтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында ақысыз көрсетіледі. Теледидар сабақтары қосымша білім беру ресурсы ретінде қолданылады.
«Мектептің кіреберісінде және барлық кезекші кабинеттерде барлығы антисептик құйылған 10 санитайзерлер ілінген және 7 ылғалды кілемшелер төселген, 2 тепловизор арқылы температуралары өлшенеді.Оқу кабинеттерінің ішінде арақашықтық белгілері бар, оқу үстелдерін 1,5 метр қашықтықта орналастырылған, әр білім алушыға жеке-жеке парта арналып, орындары белгіленген. Кабинеттерде коронавирус инфекциясы туралы ескертпе жадынамалары ілінген.
Кабинеттерде коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін қолды зарарсыздандыруға арналған жеке антисептик құралдары және антисептик құйылған санитайзерлер орнатылған.Кезекші кабинеттердің есігінде: сабақ кестесі, қоңырау кестесі оқушылардың тізімдері, кварцтау кестелері ілінген. Дәліздер мен мектеп ауласында арақашықтықты сақтау белгілері сызба түрінде орнатылған. Дәлізде қызыл жолақ пен білім алушылардың жүру сызбасы, арақашықтықты сақтау белгілері көрсетілген.
№5 М.Ломоносов атындағы орта мектепте санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жұмыстары төмендегідей жүргізілуде. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында мектеп медбикелерінде мектеп ұстаздары мен қызметкерлеріне арналған күнделікті температурасын өлшеу журналы, 1-4 сыныпта оқитын 1-2 ауысымдағы кезекші сыныптардағы оқушылардың температурасын өлшеу журналы (оқушыларды қабылдау және шығарып салу), бөгде адамдарды тіркеу журналы арналып, күнделікті тіркеу жұмыстары жүргізіліп отыр. 2020-2021 оқу жылында 1-4 сынып аралығында 350 оқушы, 18-сынып кезекші сыныптарда оның ішінде 27 кезекші топтарда білім алуда. Мектеп ауласындағы әжетхана толықтай жабылып, ішкі әжетхана талапқа сай іске қосылып, пайдалануға берілген. Кезекші сыныптарда санитарлық кілемшелер мен санитайзерлер орнатылған. Кезекші сыныптарда оқушыларға арналған түсіндірме бұрыштары жасалған. Әр кезекші сыныпқа бөлек сабақ кестесі, кварцтау кестесі, оқушылар тізімі жасалып, мекеме басшысымен бекітілген.
№2 Мыңбұлақ орта мектебінің санитарлық талапқа сай жұмыс жасауын зерделеніп, жалпы оқушы саны – 422. Қашықтан оқытудағы 5-11 оқушылар саны -262. Кезекші сыныпта оқитын сыныптар саны 82, оқушылар саны – 160. Мектепте санитарлық қауіпсіздік шаралары жасалған.
Мектептегі кезекші сыныптарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған. Мектеп сыртында арнайы пандемияға қарсы қауіпсіздік белгілері ілінген. Дәліз бен мектеп ауласында арақашықтықты сақтау белгілері жасалған. Мектепке кіреберістегі аяқ киімге арналған дезинфекциялаушы кілемшелер, қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылған.
№27 Диқан орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында 196 оқушы білім алуда (+14МАДТ). Пандемия кезінде қаншалықты сапалы білім беріліп жатқандығы зерделеу жұмыстары барысында көрсетілген. Соның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, штаттық режімде оқып жатқан 1-4 сыныптарда 66 оқушының сақтық шаралары толық сақталуда. Онлайн оқитын 5-11 сыныптардың 130 оқушысының сабақ барысында түгел сабаққа қатысуы қамтамасыз етілді.
№6 А.Пушкин атындағы орта мектеп штаттық режімде жұмыс істеп жатыр. 1-11 сынып аралығында – 529 оқушы, мектепалды даярлық тобында – 39 бала білім алуда. 4 оқушы үйде оқытылады.
Айгерім ҚАСЫМҒАЛИ,
«Jýaly – adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі