Basty bet
Азаматтар жұмыспен қамтылды
«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Жуалы ауданы бойынша Мансап орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы М.Нарымбеков, аудандық мәслихаттың депутаттары Э.Абишева, Қ.Байрамов, А.Елекбаев қатысты. Іс-шараның мақсатын аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова айтып өтті.
Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік-құқықтық көмектің бірі – есепте тұрғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады. Аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Қуат Сарғалтақов, «AMANAT» партиясының төрағасы Марат Нарымбеков жәрмеңкенің тиімді тұстарын баяндады.
Аудандық пробация қызметі есепке алынған, өздерінің бақылауында тұрған 56 азаматтың әлеуметтік жеке бағдарламаларын аудандық Мансаптық орталығының филиалына 39 азаматтар жұмыссыз ретінде ресми тіркеуге алынған болатын. Оның 12-сі тұрақты жұмыспен қамтылды, екі азамат уақытша жұмысқа жолданды, 16 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды, бес азамат әзірге жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр, үш азамат «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, оқуын аяқтап сертификаттарын алған. Бір азамат қысқа мерзімді оқуға тіркелген.
Қалған 17 азамат себепті жағдайларымен жұмыспен қамтылмады. Бір азамат жеке кәсіпкерлік ісін жалғастыруда, бір азамат жұмыспен қамтудың іс-шараларынан өз еркімен бас тартты, бір азамат І топтағы әкесіне күтуші, екі азаматша бала күтімінде, алты азамат тұрғылықты ауылдық округтерінде 100 (бір жүз) сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылған, бір азамат еңбекке жарамдылық құжаттарын реттеуде, бір азаматтың есепшоттары бұғатталған және төрт азамат басқа өңірге қоныс аударған. «Ұлжан», «Злиха» және «Орақ-Балға» шаруа қожалықтарына, «Ақ Қайын» ЖШС жанармай құю станцияларының операторы, «Жандос» шаруа қожалығындағы бос жұмыс орындарын ұсынып, жәрмеңкеге қатысты.
Қажет мамандар: тракторист, комбайнер, WEB-өңдеуші, газэлектрдәнекерлеуші, сүт өндірісінің шебері, сүт өндірісінің зертханашысы, әртүрлі жұмысшы. Есепте тұрған азаматтар «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, жұмысқа жолдама алды.
Эльмира СҮЙІНБАЕВА,
«Жаңа өмір»