Basty bet
Әлеуметтің әлеуетін көтеру– мемлекеттік саясаттың басты бағыты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында басқа салалар секілді әлеуметтік саланың басымдықтары қозғалған. Бұл міндеттер жылдың бас құжатындағы «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық» бөлімінде көрініс тапқан.
Төменде аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұлов бөлім тарапынан әлеуметтің әлеуетін арттыру, жұмыссыздықты азайту, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау және т.т. бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде әңгімелейді.
– 2020 жылдың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарына сәйкес 3640 адамды қамту жоспарланды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 1415 адамды және уақытша жұмыс орындарына 1016 адамды қамтуды белгіледі. Нәтижесінде жыл басынан бері тұрақты жұмыс орындарына 1116 азамат және уақытша жұмыс орындарына 1 066 азаматтар жолданды (барлығы 2182).
2020 жылдың 9 айында жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 1032 адамды құрап, ресми жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайыз болып қалыптасты (2019 жылы 9 айда 654 адам немесе 2,2 пайыз).
2020 жылдың іс-шарасына барлығы 363 316,0 мың теңге бөлінді (оның ішінде: қоғамдық жұмыстарға 215 059,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 25 326,0 мың теңге, жастар тәжірибесіне 97 083,0 мың теңге, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 25 848,0 мың теңге қаралған).
Ағымдағы жылдың тоғыз айында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша өтініш берген 757 отбасының 4 125 адамына 171 959,2 мың теңге көмек тағайындалып, төленді.
Мемлекеттік атаулы көмек алушы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік топтамамен (КӘТ) қамту мақсатында 757 отбасының 1-6 жас аралығындағы 792 бала анықталып, 750 балаға кепілді әлеуметтік топтамамен қамтылды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі бойынша есептік мерзімде жалпы 33 отбасының өтініштері рәсімделіп, 575,8 мың теңге көмегі тағайындалып, төленді.
Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу қызметі бойынша 2020 жылдың 9 айында қайырылған 491 азаматтардың өтініштері бойынша 40 643,0 мың теңге біржолғы қаржылай көмек көрсетілді. Соның ішінде өмірі қиын жағдайға ұшыраған азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы қаржылай көмек бойынша 25 азаматқа 3 041,3 мың теңге, 49 Ауған соғысы ардагерлерінің әрқайсысына 100 000 теңгеден 4 900,0 мың теңге қаржылай көмек берілсе, есепте тұрған созылмалы туберкулез ауруымен ауыратын 43 азаматтың емделуіне ай сайын 32 668 теңгеден 7 737,0 мың теңге, Чернобыль апатын жоюға қатысқан 12 азаматқа 100 000 теңгеден 1200,0 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының екі ардагеріне 1 000 000 теңгеден 2,0 млн теңге біржолғы көмек берілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі үшін аудандағы 283 тыл еңбеккеріне 50 000 теңгеден біржолғы қаржылай көмек көрсетіліп, барлығы 14 150,0 мың теңге төленді. 29 тамыз – Ядролық сынақтан бас тарту күніне орай ядролық полигоннан зардап шеккен 78 азаматқа 100 000 теңгеден 7 800,0 мың теңге қаржылай көмек берілді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге тоқталар болсақ, «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша бұл қызметке 142 азаматтан өтініш қабылданып, басқармаға сұраныс берілді. «Мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметіне сәйкес сурдо-тифлотехникалық құралдарға мұқтаж 21 өтініш қабылданып, 6-уы қамтылды және 184 міндетті гигиеналық және 89 компенсаторлық құралдарды қажет ететін азаматтардың өтініштері қабылданып 188 азаматы жартылай қамтылды.
Үйде оқытылатын мүгедек балаларға жұмсалған шығындарды өтеу қызметі бойынша 2020 жылдың 9 айында 76 баланың құжаттары рәсімделіп, 2090,8 мың теңге жәрдемақысы тағайындалып, төленді.
«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша 2020 жылы 9 айында 95 мүгедекке 95 жеке көмекші және 2 ымдау тілі маманы 11 мүгедекке қызмет көрсетуде.
«Мүгедектерге санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет бойынша 2020 жылы 168 өтініш қабылданып, 120 мүгедек жолдамамен қамтамасыз етілді. Қалған өтініштер мерзімдері бойынша қамтылуда.
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша облыстық бейімдеу орталығына жылдың тоғыз айында 23 азаматтың құжаттары рәсімделіп, бейімдеу орталығына жолданды.
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша 2020 жылы 16 өтініш қабылданып, басқармаға сұраныс берілді.
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша 83 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге бөлімге қарасты үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің 14 әлеуметтік қызметкері және 35 мүгедек балаға тоғыз әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде.
Жазып алған
Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»