Basty bet

Президент марапаты табысталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Күреңбел ауылдық округінде бірқатар көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары табыс етілді.
Президент марапатын салтанатты тапсыру рәсімі ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында өтті. Алдымен Күреңбел ауылының тұрғыны, жеті баланың анасы Айнұр Үмбетбаева «Алтын алқа» алқасымен марапатталса, Қаратас ауылының тұрғыны, алты баланың анасы Перуза Төлегенова «Күміс алқа» алқасы табысталды.
Ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бейбіт Әмірұлы еліміздің демографиялық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан алтын құрсақты, батыр аналарға ізгі тілектерге толы құттықтау сөзін арнады.

Үміт Ысқақова,
Күреңбел ауылдық округінің
жастар ісі жөніндегі инспекторы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close