Basty bet

67 нысанға рейд жүргізілді

Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы №10 қаулысына сәйкес 4 мониторинг топ құрылған болатын. Бұл топтар аудан аумағында карантин талаптарын түсіндіріп, мекемелер мен тұрғындарды коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, тиісті санитарлық талаптарды сақтау жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізу үстінде.
Карантин талаптарын сақтау – баршамыздың міндетіміз. Осы орайда ағымдағы жылдың 19-25 қазан аралығында мониторингтік топтардың мүшелері бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің №38 қаулысын таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жалпы 67 нысанға рейдтік шаралар жүргізіліп, карантин режімін бұзған 7 жеке тұлғаны анықтап, олардан түсініктеме алынды.
* * *
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес әкімнің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев бастаған мониторинг тобы аудандағы бірқатар кәсіпкерлік нысандар мен мемлекеттік мекемелердегі карантин талаптарының сақталуына зерделеу жүргізіп, облыстың бас санитар дәрігерінің №38 қаулысын түсіндірді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close