Basty bet

«Халық алғысы» медаліне ие болды

«Апат айтып келмейді» демекші, адам өміріне қауіпті коронавирустық инфекциясының таралуы әлем елдері үшін тосын жағдай болғаны рас. Пандемия деп танылған қауіпті вирус өршіген тұста, төтенше жағдай кезіндегі сын сағаттарда адам өміріне араша түсіп, аурудың салдарынан қиналған жандарға қол ұшын созып, қамыққандарды жүрек жылуымен жылытқан азаматтар аз болған жоқ. Осылардың ішінде құқық қорғау, медицина саласының қызметкерлері, сонымен қатар, волонтерлер мен кәсіпкерлер жұдырықтай жұмылып, ерлік пен еңбектің ерен үлгісін көрсете білді. Қиын сәтте халықпен бірге болып, пандемияға қарсы жанкешті күресте бір сапта болған азаматтардың еңбектерін мемлекет те назардан тыс қалдырмайды.
Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індетке қарсы күресте белсенділік танытқан азаматтарды марапаттау үшін «Халық алғысы» медалін тағайындаған болатын. Мұндай жоғары марапатқа күрделі кезеңде ауданда санитарлық талаптардың сақшысы болған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Марат Искаков та ие болды. Президенттің қолы қойылған «Халық алғысы» медалін марапат иесіне аудан әкімі Нарбай Ергебеков табыстады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close