Basty bet

Волонтерлық қызмет бойынша жалпыұлттық жобалар аясында «Үздік жобалар» байқауы

Волонтерлық қызмет бойынша жалпыұлттық жобалар аясында «Үздік жобалар» байқауын жариялайды. «Birgemiz: Bilim», «Birgemiz: Saýlyq», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Birgemiz: Taza Álem», «Birgemiz: Asyl мura», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Úmit» жалпыұлттық жобалары аясында 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде ақшалай сыйлық тағайындалады.
Байқау қатысушыларына қойылатын талаптары:
«Үздік жобалар» байқауына қатысуға жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және Жамбыл облысының үкіметтік емес ұйымдарына рұқсат етіледі.
Барлық өтініш берушілер Qazvolunteer.kz платформасына тіркелген болуы тиіс.
Өтініш жекедара берілген жағдайда, өтініш берушінің жасы 18-29 жас аралығы болуы қажет.
Бастамашыл топтың атынан өтініш берген жағдайда, топ жетекшісінің жасы 18-29 жас аралығы, ал топтың қалған мүшелерінің жасы 14 жастан жоғары болуы керек. Байқауға қатысуға өтінішті тікелей топ жетекшісі топтың барлық мүшелерін көрсетіп, әрбіріне жеке өтініш тапсырады. Qazvolunteer.kz платформасында бастамашыл топтың барлығы тіркеуден өтуі тиісті.
Байқаудың өткізілу тәртібінің күні мен уақыты:
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау және байқауға қатысу үшін Жобалық өтінімдерді Ереженің №1 қосымшасына сәйкес рәсімделіп, Pdf форматта Тараз қаласы, 2020 жылдың 16 қарашасы, сағ.18:00 дейін жүргізіледі.
Іріктеудің аяқталуы туралы хабарландыру ұйымдастырушының ресми сайтында, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі «Facebook», «Instagram» ресми парақшаларында жарияланады.
Байқауды ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі.
Байланыс телефоны: 87474066979,
e-mail: niqmetnyr2015@mail.ru
МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ!

Таңдаулы материалдар

Close