Basty bet
Аудан экономикасының дамуы оң серпінге ие
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған шаралардың нәтижесінде ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді.
Ауданымыздың жалпы ішкі өнімінің көлемі есепті мерзімге 43 401,9 млн. теңгені құрап, (2019 жылы 36 020,2 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,5 пайызға артып отыр.
Жалпы ішкі өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі 18,2%, ауыл шаруашылығы жалпы шығарылымы 60,4 %, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,4%, сауда айналымы 12,0%-ды құрап отыр.
Есепті мерзімге ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 23 млрд. 205,3 млн. теңгені құрады (оның ішінде мал шарушылығы өнімі 13 492,1 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы өнімі 12 686,4 млн. теңге), (2019 жылдың 9 айында 21 866,2 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 101,0 пайызды құрады.
Бүгінгі күнге 439,6 млн. теңгеге 140 ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Оның ішінде 17 жаңа МТЗ тракторлары, 1 дана тиегіш, 120 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері және 2 комбайн сатып алынды.
Сонымен қатар, картоп дақылына қажетті 50 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды, соммасы 216,0 млн. теңге. Оның ішінде 15 трактор, 35 ауыл шаруашылығы тіркемелері. Жалпы 190 техника алынды, соммасы 655,6 млн. теңге.
2020 жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара 48 264 бас (2019 жылы 44 835 бас), қой-ешкі 225 669 бас (2019 жылы 224 628 бас), жылқы 10 920 бас (2019 жылы 10 226 бас), шошқа 245 бас (2019 жылы 479 бас), құстар 125 184 бас (2019 жылы 124 297 бас). Мал басы 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,6 пайызға, қой мен ешкі 0,5 пайызға, жылқы 6,8 пайызға, құстар 0,7 пайызға артып отыр.
Мал өнімдері бойынша 2020 жылдың 1 қазанына ет өндіру тірі салмақпен 9 864,5 тн. (2019 жылы 9 708,0 тн.), сүт өндіру 38 239,8 тн. (2019 жылы 37 486,0 тн.), тұқым 7 176,6 мың дана (2019 жылы 7 142,8 мың дана) өнім алып, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 1,6 пайызға, сүт өнімі 2,0 пайызға, тұқым өнімі 0,5 пайызға артты.
Ауданда бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 7 899,1 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2019 жылы 7 495,4 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады.
2020 жылдың 1 қазанына аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4 910 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 2 орта, 188 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2 259 жеке кәсіпкерлер және 2 461 шаруа қожалықтар. Осы шаруашылық субъектілерінде барлығы 9 391 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 109 адам орта кәсіпорындарда, 710 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 2 020 адам, шаруа қожалықтарында 6 552 адам жұмыс жасайды. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 4 554-і, немесе 92,7 пайызы жұмыс істеуде.
Аудан бойынша 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2 001,8 млн. теңгенің (2019 жылдың 9 айында 1 857,2 млн теңге) бөлшек саудасы жасалып, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,2 пайызға кеміген.
«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшері субсидияланатын несие алу, кепілдік беру және инфрақұрылымды дамыту мақсатында да жұмыстар жүргізілуде, 2020 жылдың 9 айында нақты 5 жобамен жұмыстар жүргізіліп, «Даму КДҚ» АҚ-мен келісімге отырып (договор субсидирования), барлығы 257,0 млн. теңге көлеміндегі несиеге қол жеткізілді.
Олар: «Атамекен сауда өндірістік компаниясы» ЖШС-гі 2 келісім 102,0 млн. теңгеге; «Злиха» ШҚ-ғы жаңа картоп өнімін сатып алуға 25,0 млн. теңгеге; ЖК “Мешелова З.Е.” пастерленген сүт өнімдерінің өндіру желісі және айранға 30,0 млн.тг.; ЖШС “Сахад” ауылшаруашылығы мақсатындағы құрал-жабдықтарды толықтыруға 15,0 млн.теңге.
Сонымен қатар, мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияға ауданнан 44 жоба ұсынылып, соның ішінде 2-жеке кәсіпкер мемлекеттік грантты жеңіп алды. Олар: ЖК «Бектурганов» Бектурганов Бакытжан Омирзакович 5,0 млн.тг. және ЖК «Ахмадбекова А.Ж» Ахмадбекова Айнакул Жумабековна 3,0 млн.тг. жалпы сомасы 8,0 млн.теңгені құрады және 10 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Ақтөбе ауылдық округінен «Нұр-Әділет» ШҚ өндірістік обьектісіне инфрақұрылым (электр желісі) жүргізу мақсатында қажетті құжаттарды рәсімдеуде.
Құрылыс – монтаж жұмыстары бойынша: Қоңыртөбе ауылындағы Пахомов атындағы орта мектебіне жапсарлас спорт зал құрылысын салу нысанының 2020 жылғы құрылысына облыстық бюджеттен 169 226,2 мың теңге қаражат бөлінген. Бас мердігер «Ай-Дин Тараз құрылыс» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды. Құрылыс жұмыстары 25.09.2020 жылы аяқталып, құжаттарды өткізу-қабылдау жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Нұрлыкент ауылында 180 орындық мәдениет үйінің құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасының тапсырыс беруімен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер «Нұрбек» ЖШС-мен 01.09.2020 жыл №79 (101 360,0 мың теңге) келісім шарт жасалынды. Жоба 2021 жылға өтпелі.
Жобалау жұмыстары (ЖСҚ) бойынша: Жуалы ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы 2020 жылы барлығы 30 жоба сметалық құжаттамалар әзірленуде.
Олар: мәдениет саласы бойынша 5 нысан (1 нысанның сараптамасы алынды), білім саласы бойынша 3 нысан (2 нысанның сараптамасы алынды), спорт саласы бойынша 4 нысан (1 нысанның сараптамасы алынды), инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бойынша 10 жоба, көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша 2 жоба (1 нысанның сараптамасы алынды) әзірленеді. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 6 жоба.
«Елдімекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бойынша бес ауылға Қошқарата, Көлтоған, Ертай, Шақпақата, Т.Дүйсебайұлы ауыз су құрылысына 1 218 391,0 мың теңге қаржы қаралған. Аталған бес жоба 2021 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 1 345,9 млн. теңге қаралған қаржыға жеңімпаз болып «Байсын-А» ЖШС-мен 2020 жылғы 5 сәуірдегі құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа сәйкес келісім-шарт жасалып, жоспар бойынша игерілгені 863 750,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 7 жоба 10 елді мекенге (Теріс, Ақбастау, Шынбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат, Алатау, Жүрімбай, Сұрым, Теріс-Ащыбұлақ және Ынтымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпылама орындалған жұмыстар көлемі 75% құрайды.
Газдандыру бойынша Жуалы ауданында 49 елді мекен бар, оның газдандырылғаны 30 елді мекен немесе 61%. Қалған 19 елді мекенді газбен қамту үшін келесі жұмыстар атқарылуда:
Бүгінгі күнге «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тасбастау, Майбұлақ, Шыңбұлақ, Қосмұрат, Кәріқорған, Күреңбел және Қоңыртөбе ауылдарына кварталішілік газ тарату желісінің құрылысына 636 119,0 мың теңге қаралған. Жоспар бойынша игерілгені 592 370,0 мың теңге.
Бұл қаржыға 2020 жылғы 27 сәуірдегі құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа сәйкес – жеңімпаз «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС мен 5 елді мекенге (Шыңбұлақ, Қоңыртөбе, Кәріқорған, Тасбастау және Күреңбел) және «KazCityPlat2010» ЖШС мен 2 елді мекенге (Майбұлақ және Қосмұрат) келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы жұмыстардың 97 пайызы орындалды.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 4 096,6 млн. теңгені құрап, (2019 жылы 3 543,3 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 114,7% пайызға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 5 915,0 млн. теңгені құрады (2019 жылы 4 015,4 млн. теңге), 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42,7 пайызға артып отыр.
Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы алаңы – 9 846 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,6 пайызға орындалып отыр.
Аудандық білім бөлімінің жұмысына келетін болсақ, 2020-2021 оқу жылы COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты қашықтықтан және штаттық режимде оқытылуда. 39 мектепте 11 277 оқушы білім алуда. 30 мектепте бала санының аздығына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып 5 158 бала дәстүрлі түрде оқытылуда. Ал қалған 9 орта мектепте қашықтықтан 6 119 оқушы оқытылуда. Сонымен қатар, осы аталған 9 мектепте 1-4 сыныптарда 2512 оқушыға 190 кезекші топтар жұмыс жасауда.
Қашықтықтан оқытылатын мектептердегі 6 119 оқушының 3 729 оқушысында жеке компьютерлері немесе ноутбуктар бар, 2 390 оқушыда (әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баласы 783 соның ішінде аз қамтылған 575 отбасы) мүлдем компьютері немесе ноутбугы жоқ. Мүлдем компьютері немесе ноутбугы жоқ оқушыларға мектеп балансында тұрған 1 080 компьютер таратылып берілді.
2020-2021 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 39 мектептің барлығы компьютермен жабдықталып, жалпы компьютерлердің саны 2 270 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 5 оқушыдан келеді.
Аудан бойынша 39 мектепке (100%) телефон байланысы орнатылып кең арналы интернет желісіне қосылған. Білім мекемелерінде барлығы 95 интерактивті тақталар бар. Арнайы жабдықталған биология кабинеті – 20, химия кабинеті – 23, физика кабинеті – 27. Жалпы аудан бойынша 30 лингафонды-мультимедиалық кабинеттер бар. Оқыту кабинеті – 737, ондағы мұғалімдерге арналған компьютерлер – 737 (100%) құрайды.
2020 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны16 967 адамды құрады немесе жалпы халықтан 32,0%.
Бөлімге бағынысты спорт мектептерінде 2020 жылдың 1 қыркүйегіне 1 581 шұғылданушы оқушылар тіркелді. Бұл Жуалы ауданы бойынша жалпы 7-18 жас аралығындағы балалардың 17,6% құрап отыр.
Жыл басынан бері барлығы 132 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 24 231 аудан тұрғыны қатыстырылды.
14-29 жас аралығындағы жастар саны – 13 946 адамды құрайды, оның 7 462-сы (53,5%) спортпен жүйелі түрде шұғылданады.
Аудан бойынша барлығы 127 спорт нысаны бар. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 12 футбол алаңы, 38 спорт залы, 75 спорт алаңшасы.
Мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 11 999 250,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 12 159 507,4 мың теңге, немесе 101,3 пайызға орындалды.
Аудандық жергілікті салықтарының жоспары 1 053 787,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 1 214 044,3 мың теңге орындалуы 115,2 пайыз немесе 160 257,3 мың теңге артық түсіп отыр.
Әлеуметтік салықтың кірістер жоспары 202 250,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 221 696,6 мың теңге, немесе 109,6 пайызға орындалды.
Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспары 13 210 105,0 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 13 196 249,7 мың теңгені құрап отыр, игерілмеген қаржы соммасы 13 855,3 мың теңге немесе атқарылуы 99,9 % – ды құрады.
2020 жылдың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарына сәйкес 3 640 адамды қамту жоспарланды. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына – 1 415 адамды және уақытша жұмыс орындарына – 1 016 адамды қамтуды белгіледі. Нәтижесінде жылдың 9 айында тұрақты жұмыс орындарына 1 116 азамат және уақытша жұмыс орындарына 1 066 азаматтар жолданды (барлығы 2 182).
2020 жылдың 9 айында жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 1 032 адамды құрап, ресми жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайыз болып қалыптасты (2019 жылы 9 айда 654 адам немесе 2,2 пайыз).
2020 жылдың іс-шарасына барлығы 363 316,0 мың теңге бөлінді (оның ішінде: қоғамдық жұмыстарға 215 059,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 25 326,0 мың теңге, жастар практикасына 97 083,0 мың теңге, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 25 848,0 мың теңге қаралған).
Ағымдағы жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша өтініш берген 757 отбасының 4 125 адамына 171 959,2 мың теңге көмек тағайындалып, төленді.
Мемлекеттік атаулы көмек алушы азқамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік топтамамен (КӘТ) қамту мақсатында 757 отбасының 1-6 жас аралығындағы 792 бала анықталып, 9 айға 750 балаға кепілді әлеуметтік топтамамен қамтылды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі бойынша жылдың 9 айында 33 отбасының өтініштері рәсімделіп 575,8 мың теңге көмегі тағайындалып төленді.
Қалима Мықтыбекова,
аудан әкімдігі экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы