Basty bet
Алдын алу және ағарту жұмыстарының маңызы зор
Ағымдағы жылдың қазан айының ортасында «JÝALY ADALDYQ ALAŃY» жобалық офисінде №1 мектеп-гимназияның директоры Эльмира Абишевамен тікелей эфир өтті.
Онда мектеп басшысы 2020 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары бойынша әңгімеледі.
-ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы әзірленген. Аталған бағдарлама аясында «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы құрылған. Бұл бағдарлама рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру аясында жұмыс жасайды. Мүшелері 42 оқушыны құрап отыр. 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалып, бекітілген. Жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылып, мектебіміздің 8-11 сынып аралығындағы 351 оқушы қамтылып отыр.
Жоспарға сәйкес, 2020 жылдың қаңтар айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Абдубаитов, педагог-ұйымдастыршы Н.Жақсытаева және тәлімгер З.Оспанованың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға 8-11 сынып оқушылары арасынан 453 оқушы қамтылды,- деді Эльмира Әбілқызы.
Ақпан айында, «Қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлықтың қаупіне қарсы тұрудың өзектілігі» тақырыбында мектеп директоры Э.Абишева ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналысқа 65 ата-ана қатысып, ата-аналар тарапынан отбасында балаларына сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ұсыныстар қабылданды.
Наурыз айында, тәрбие орынбасарлары Н.Абдубаитов пен Б.Мамедова және мектеп психологтары М.Өскенбаева, А.Беспай және М.Момынқұлова мектептерде пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, оқушылар арасында құқықтық сауаттылық деңгейін анықтауға бағытталған сауалнамалар жүргізіп, нәтижесінде 710 адам қамтылды.
Елімізде орын алып отырған төтенше жағдайларға байланысты, шектеу шаралары болғандықтан жоспардағы іс-шаралар әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылды.
Тоқсанына бір рет жоспарланған шара, оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында «Мен – парасатты тұлғамын» тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сабақтары әлеуметтік желі арқылы өткізілді, тәрбие сағатына 1454 оқушы қамтылды.
Сәуір айында, «Сана парасаттылығы – адал ұрпақтың өркендеп, өсуінің кепілі» тақырыбында 5 – 11 сынып аралығында ашық тәрбие сағаттары да әлеуметтік желі арқылы өткізілді. Тәрбие сағатына 820 оқушы қамтылды.
Мамыр айында, «Жастардың парасаттылығы тақырыбындағы әңгімелер» атты әңгіме ZOOM платформасында жүргізіліп, 85 оқушы қамтылды.
2020 жылдың қыркүйек айында 2020-2021 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары жасалынып, бекітілген.
Биылғы оқу жылы қашықтан оқыту жүйесінде оқытылғандықтан 25 қыркүйек күні, сақтық шараларды сақтай отырып, әлеуметтік желі арқылы ZOOM платформасында мектеп-гимназия директоры Э.Абишева мектеп ұжымымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында жиналыс өткізді және «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ 2019 жылдың 23 сәуірдегі №207 «Білім мекемелерінде заңсыз ақша жинау фактілерін болдырмау туралы» бұйрығына сәйкес білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу жөніндегі жұмыстарды пәрменді жүргізу мақсатында №64 бұйрықпен таныстырды.
* * *
№19 Д.А.Қонаев атындағы мектеп- гимназияның директоры Гүлнар Мұсахановамен де тікелей эфир өтті.
-Жалпы оқу жылы барысында мектеп-гимназияның ұжымымен және мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Мектеп-гимназияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеруге бағытталған 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары жасалып бекітілген. Мектеп-гимназияда оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Бала құқықтары туралы» Заңдарына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Мектеп-гимназия қабырғасында балалар мен жастарға арналған «111» нөмірлі «сенім телефоны» ілінді. Оқу жылы барысында оқушылар тарапынан «сенім телефонына» қоңырау шалған оқушы болған жоқ. Оқушыларды адалдыққа, парасаттылыққа үйрету мақсатында мектеп фойесінде «Адалдық дүкені» жұмыс істейді.
Сол сияқты мектеп-гимназия оқушылары арасында 8-10 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» еріктілер ұйымы жұмыс атқарады. Бұл бағдарлама рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру аясында жұмыс жасайды. Мүшелері 57 оқушыны құрап отыр. Жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылып, мектебіміздің 8-11 сынып аралығындағы 326 оқушы қамтылып отыр. Ұйымның негізгі мақсаты – мектеп-гимназия оқушыларының бойында адалдықты, парасаттылықты, патриоттық сезімдер мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. Ұйым мүшелері оқу жылы барысында мектепке қарасты мөлтек ауданда тұратын бірқатар отбасыларға, атап айтар болсақ жалғызбасты қарттардың үйіне, сонымен қатар соғыс және еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып қол ұшын беріп көмектесіп қайтты. Сонымен қатар «Жолдасыңа адал бол», «Ұстазға сый-құрмет» тақырыптарында өтілген акцияларда белсенділік танытуда. Жоспарға сәйкес қаңтар айында мектеп-гимназияда 9 «В» сыныбының сынып жетекшісі Ғани Әмірәлиев оқушылармен «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен мектеп-гимназияда адалдық сағаттары өтіліп тұрады.
Ақпан айында «Қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлықтың қаупіне қарсы тұрудың өзектілігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізіліп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Наурыз айында, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғалымжан Аташбек пен мектеп психологы Эльмира Нұрлыбаева оқушылар арасында құқықтық сауаттылық деңгейін анықтауға бағытталған сауалнамалар жүргізіп, нәтижесінде 659 адам қамтылды. Сәуір айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көрету, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Сана парасаттылығы – қоғамның тұрақты дамуының кепілі», «Мен парасатты тұлғамын», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» «Сана парасаттылығы – адал ұрпақтың өркендеп өсуінің кепілі», «Адамгершілік асыл қасиет», «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыптарында бірыңғай тәрбие сағаттары өтілді.
Мектептің әлеуметтік желілерінде facebook, instagram парақшаларында мектеп әкімшілігінің байланыс телефондары жарияланған болатын. Біз әрдайым ашық байланысқа шығуға дайынбыз. Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеп уәкілі ретінде директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ғ.Аташбек бекітілді. Қорытындылай келе, ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақтың тәрбиесі. Білімде де парасатты азамат өсіру үшін мектеп болып, ата-ана болып атсалысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн,- деді Гүлнар Махамбетқызы.
«JÝALY ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесі күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына зерделеу жүргізді.
Шара барысында Қарасаз ауылдық округінде күзгі абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары екі айлығының атқарылуы бойынша «JÝALY ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгерім Қасымғали зерделеді. Қарасаз ауылдық округінің абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, барлығы бүгінгі күнге 280-ге жуық адам қатысып, оның ішінде жалпы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандардан 27 адам қатысқан. Округте екі ескерткіш бар. Қарасаз және Ақбастау ауылдарында орналасқан ескерткіштерге ақтау, сырлау, тазалық жұмыстары жүргізілген. Округ аумағындағы санитарлық тазарту, қалдықтарды, көшедегі қоқыстарды тазартып шығару жұмыстары ұйымдастырылған. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару бойынша елдімекен тұрғындарымен ТҚҚ шығарушы арасында келісімшарт жасалған. Белгілінбеген орындарда қоқысты, тұрмыстық қалдықтарды тастамау керектігі әкімшілік тарапынан түсіндіріліп, ескертілген. Округтегі зираттардың жан-жағы тазартылған, өзен жағаларының тазалығы да қадағалануда. Округтегі ғимараттардың, құрылыстардың, халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар маңайының санитарлық тазалығы сақталған. Ауылдық округтегі бес елдімекенде сенбілік жұмыстары жүргізіліп тұрады. Оның ішінде мекемелер (мектеп, балабақша т.с.с.) өз аумақтарын және бекітілген аумақтарын тазартып, әр мекеме өз аумақтарына жеміс ағаштары мен теректер егіп, гүлзарлар отырғызуға атсалысты.
Сонымен қатар, тұрғылықты жерді жасыл желекке орау ең пайдалы әрекеттердің бірі. Тек аулаларда болмаса, көшелерден жасыл-желек көп байқала бермейді. Егер сондай жұмыстар қолға алынса, ол бұрқыраған шаңдақтарды өздеріне сіңіріп, жұртқа таза ауа сыйлайды.
«JÝALY ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгерім Қасымғали Ақсай ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып өткізген сенбілік жұмыстарына қатысты. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Жерге тастаған қоқыс өзімізге ауру болып жабысатынын түсінуіміз керек. Экологиялық білім әр отбасынан басталуы тиіс. Балаға табиғат пен туған жеріне деген қамқорлығын, аяушылығын үйіндегі ата-әжесі, әкесі мен шешесі оятуы керек. Ол кісілердің өзі білімді болғаны абзал. Бауыржан Момышұлы ауылы және 14 ауылдық округінде арнайы тыйым салынған тақтайшалары ілінген, айыппұл салынатыны ашық жазылған.
Алайда бұл шаралар аздық етеді. Ең бастысы, қазақстандықтардың экология мәселесіне назар аудармайтыны қынжылтады. «Мен неге қоқыс жайлы ойлануым керек? Ай сайын коммуналдық төлемді төлеп отырмын ғой», дейді тұрғындар. Бірақ, пакетке оңды-солды салынған түрлі санаттағы тұрмыс қалдықтары ауыл шетіне барып үйіліп жатқанынан залал көп келеді. Басынан дұрыс жиналмаған қоқыс қайта өңделетін шикізат ретіндегі құндылығын жояды – қағаз өнімдері бүлінеді, бөтелкелер жарылады, жуындымен араласады. Күнделікті шығатын тұрмыс қалдықтарын сұрыптап, арнайы қоқыс жәшіктеріне салу, макулатура, шина мен бөтелкелерді өткізіп, пайда табу әрі қоршаған ортаны қорғау – азаматтық іс.
Тал егіп, табиғатты аялайық!. Осы ретте аудан әкімі Н.Ергебеков пен аудан әкімінің орынбасары А.Жабағының басшылығымен «Республикалық сенбілік» біздің ауданда да өтті. Сенбілікке аудан әкімі мен орынбасарлары, әкімдікке қарасты барлық бөлімдердің қызметкерлері қатысты. Сенбіліктің басты мақсаты – ауламызды, қоршаған ортаны таза ұстау. Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті. Экологиялық құқықбұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылған. Экологиялық құқық бұзғандар әкімшілік, азаматтық-құқықтық, материалдық, қылмыстық жазаларға тартылады. Қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бағыты болып табылатын шаралар – зиянды заттардың мөлшерін азайту, жаңа тазалағыш құрылғылар құрастыру, лас көздерін жою, қалдықтарды қайта өндіру, судың тұздалмауын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарынан тұратын газдарды тазалау, зиянсыздандыру. Осыған орай қазан айында халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері Б.Момышұлы ауылының тазалық жұмыстарына белсене қатысты.
Айгерім ҚАСЫМҒАЛИ,
««JÝALY ADALDYQ ALAŃY» жобалық офисінің меңгерушісі