Basty bet
Ұлылардың ұлысы
«Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма», – деп қарапайым қазақ жұртына үндеуін осылайша жариялап, үгіт берген Абайдай данышпан бар ма мына ғаламда?! Кішкене кезінен бастап, өлеңдер шығарып, алға қарай ұмтылған қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы тағы да Абай болған.
Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүниежүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Абайдан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп аса жоғары бағалайды.
Осы ретте, Қарасаз ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы А.Қуанышбайдың ұйымдастыруымен №16 Жуалы колледжінің кітапханасында «Ұлылардың ұлысы – Абай!» атты әдеби кеш өтті.
Шараның мақсаты – Ұлы ақынның өмір жолымен, білімгерлерді сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Білімгерлерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Кешті Қарасаз ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы А.Қуанышбай ашып, ақынның өмір жолы туралы баяндады.
Шарада білімгерлер Ұлы ақынның білім мен ғылым тақырыбындағы құнды шығармаларын жатқа айтып, ақынның әндерін хормен орындады.
Әдеби шарада білімгерлерге ақынның өмірі, шығармалары жайлы сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Аружан Бауыржанқызы,
Қарасаз ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы