Basty bet

Рухы биік жазушы

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2023 жылы ақын-жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафонын» ұйымдастыруда.
Көкбастау ауылдық округіне қарасты Қосбөлтек ауылдық кітапханасында ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ сөз өнері тарихында прозалық, драматургиялық туындыларына елеулі үлес қосқан көрнекті қаламгер, жазушы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Рухы биік жазушы» атты әдеби кеш өтті.
Кеш барысында кітапхана әдіскері Мақпал Тоқназарова жазушының өмірі мен шығармашылығын бейне слайд көрсету арқылы таныстырды.
№30 Көктөбе орта мектебінің оқушылары Аяна Садулла жазушының «Жеңіс шамы», Алтынай Асан «Өшпенділік» өлеңдерін мәнерлеп оқып, Нұрбала Рахмет «Қаһарлы күндер», Нұрлы Аманкелді «Шырағың сөнбесін», Еркеназ Оралбек «Боран» романдарынан үзінді айтты.
Қосбөлтек ауылының «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасының қызметкері Айгүл Нүрпейісова «Ғайни апа» рөлін, Көктөбе ауылдық клубының әдіскері Ұлдана Сағындық «Маңғастың әйелі» рөлін, 10 сынып оқушылары Арслан Жұман «Маңғас» рөлін, Сағынбек Жазира «Ғалия» рөлін, Нұрхат Жапарқұл «шофер Бабатай» рөлін сомдап жазушының «Күтпеген кездесу» драмасынан сахналық көрініс көрсетті.
Мектеп оқушылары Күмісай Садуллаева жазушы Қ.Бекхожиннің «Теңіздегі сыр», Нұршат Абитқызы ақын А.Бақтыгерееваның «Екі рет келген жиырма бес», Асылай Әсілбек қаламгер Ғ.Мүсіреповтің Тахауи Ахтанов жайлы айтқан пікірлерін айтып өтті.
№30 Көктөбе орта мектебінің 3 сынып оқушылары Ерсұлтан Құдайберген ақын М.Мақатаевтың «Отан», Аршат Ниетпек ақын Н.Айтұлының «Отан», Айғаным Аллаберген ақын М.Мақатаевтың «Үш бақытым», Ықылас Ниетпек ақын Қ.Жұмағалиевтың «Бауыржан Момышұлы», Арслан Жұман ақын Б.Исаевтың «Қуан қазақ» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Аршат Ниетбек «Ардақты әке, аяулы ана» әнін, Қадыржан Әсілбек «Ағаларым» әнін орындап, Асылай Әсілбек «Әке толғауы» күйін, Асылай Әсілбек «Сал күрең» күйін нақышына келтіре орындады.
Кітапхана әдіскері Мақпал Тохназарова үш бөлімнен тұратын «Кемелденген қазақ әдебиетінің қаламгері» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасап, «Күй аңыз», «Қара шаңырақ» инсталляциясын, жазушының фото көрмесімен таныстырды.
Кітапханашы Диана Сағынбек «Шырағың сөнбесін, кемел тұлға» әдістемелік құрал, «Тахауи тағылымы» библиографиялық көрсеткіш, «Ерлік пен елдіктің жыршысы» ауызша журнал, «жазушы Тахауи Ахтанов – 100 жыл» ақпараттық-жарнамалық флайерге шолу жасады.
Кеш соңында Көкбастау ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Аташбек Әмірқұлұлы, ауыл қариялары Ербол Помашев, Жапарбек Қасаболатов кітапхана ардагері Нұрсұлу Төрегелдиева кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, аудандық орталық кітапхананың директоры Қайсар Әсілбеков іс-шараға қатысқан оқушыларды марапаттады.

Күләш Таубалдиева,
аудандық орталық кітапхананың дамыту
бөлімінің меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close