Basty bet

Көшпелі кеңес беру алаңы

Құрметті аудан тұрғындары мен жастары!
Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, облыстық «Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру алаңы жұмысы аясында 20-22 маусым күндері (Б.Момышұлы ауылы-20 маусым, Нұрлыкент және Жетітөбе ауылдық округтері-21 маусым, Ақтөбе ауылдық округі – 22 маусым) барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға түрлі сала аясындағы мәселелер бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Облыстық автокеруен аясында мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, этносаралық келісім, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және т.с.с салаларды қамтыған мәселелер бойынша қабылдаулар өткізіледі.
Шара барысында ақпараттық-әдістемелік материалдар (брошюралар т.с.с.) үлестіріліп, мастер-класстар, жеке қабылдаулар мен кездесулер ұйымдастырылады.
МҮМКІНДІГІҢІЗДІ ЖІБЕРІП АЛМАЙ, ӨЗ МӘСЕЛЕҢІЗ БОЙЫНША КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ!!!
Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-45-99, 43-19-66, 43-70-64.

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы»

Таңдаулы материалдар

Close