Basty bet
Ауылдағы діни ахуал тұрақты
Ауылдық округте діни тұрақтылықты сақтау мақсатында «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен келісілген жоспарға сәйкес, елдімекендерде және білім ошақтарында әртүрлі тақырыпта азаматтар мен оқушылардың қатысуымен үш рет және онлайн түрінде алты мәрте іс-шара жүргізіліп, бір мәрте мектептердегі оқушылар арасында діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында сурет салудан жарыс өткізілді. Сонымен қатар, бір мәрте дін тақырыбында аудандық «Jańa ómir» газетіне мақала жарияланды.
Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен ауылдық округ әкімі аппаратының фейсбук парақшасына дін тақырыбында 16 бейнекөрсетілім салынды. Интернет желісінің нашарлығынан көрермендер саны аз болды.
Округтегі Көлтоған және Ертай ауылдарындағы Тұрыс баба және Құлбайымбет мешіттері тұрақты жұмыс iстейді. Аталған eкі мешітте де бейнебақылау камералары орнатылған. Карантин шараларына байланысты мешіттерде сәуір айынан бастап жұма намаздары оқылмайды және басқа күндері де көпшілік жамағаттың мешіттерге жиналуына рұқсат жоқ.
Рысбек батыр ауылындағы Үрзада апа мешітінің құжаттары реттелген. Бүгінгі күнге бұл ауылға имамдық қызметін атқаруға тиісті азамат қарастырылып, Қошқарата ауылының имамынан дәріс алуда. Облыстық өкіл имамның тарапынан тағайындау туралы шешім қабылданса, жыл соңына дейін Үрзада апа мешіті жұмыс жасайды деп жоспарлануда.
Fани Қуанышев,
Боралдай ауылдық
округінің әкімі