Qoǵam
Жол бойындағы сервис заман талабына сай ма?
Еліміздегі түрлі бағыттардағы автомобиль жолдары бойындағы қызмет көрсету объектілерін дамыту бағытында белсенді жұмыстар жалғасуда.
Осы жылдың басынан бері 35 бірлік қызмет көрсету объектісі салынды, осылайша олардың жалпы саны 1 839 бірлікті құрайды, оның 939-ы (53%) халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес келеді. Жыл соңына дейін қызмет көрсету нысандарының 58%-ын халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіру жоспарлануда.
Салалық министрлікте «QazAvtoJol» ҰК» АҚ мен «Компас» желілік жанармай құю станциялары компаниясы арасында жол бойындағы қызметті дамыту саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.
Бұл келісім құрамына жанармай бекеті, ауыр көліктер мен автобустарға арналған кең автотұрақ, 80 орындық фуд-корт, тауарлар мен автомобиль керек-жарақтарының үлкен таңдауымен Express Market кіретін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол бойындағы сервистік кешендердің 35 бірлігінің құрылысы қарастырылған. Жоба 4200 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, биыл жеке инвестициялар есебінен республикалық маңызы бар жолдардың бойында жайлы жабдықталған санитариялық-гигиеналық тораптары (СГТ) бар 18 бірлік жанар-жағармай құю станциялары (Compass, GasEnergy, ҚазМұнайГаз, Helios, Sinooil) салынуда. Сондай-ақ, қалпына келтіру учаскелерінде 22 бірлік СГТ жарақтандырылады.
Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында биылғы қыркүйек айынан бастап 2025 жылға дейін жол бойындағы қызмет көрсету объектілері бүкіл республикалық автомобиль жолдары желісі бойынша ұзындығы 24 мың шақырым болатын аумақта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін болады.
Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлермен бірлесіп жүзеге асырылады.
Тағы бір айта кетерлігі, елімізде «Қазақстандағы IRAP халықаралық бағалау жүйесін енгізу» жобасына сай жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғалары әскери қақтығыстар, террористік актілер және коронавирустан да асып түсіп, жастар өлімінің негізгі себебі болып табылады. Бұл проблемаға халықаралық деңгейде үлкен көңіл бөлінеді, Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы онжылдықта жол үстіндегі өлімді қазіргі 1,35 миллион адамнан жыл сайын 2 есеге азайтуға бағытталған.
Біздің елдегі жол қауіпсіздігі жағдайы айтарлықтай жақсартуды талап етеді, мәселен, өткен жылы жол-көлік оқиғаларынан болған өлім-жітім 2373 адамды құраған, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 13 адамды (12,7) құрайды. Бұл мәселенің өткірлігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жоғары деңгейде ұдайы көтеріп келеді.
Бейбіт Атамқұлов 2019 жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды. Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай министрдің назарында болды және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында апаттарды, жарақаттар мен өлім-жітімді азайту шаралары жүйелі түрде жүзеге асырыла басталды.
Ағымдағы жағдайды жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Дүниежүзілік банк ұсынған несиенің институционалды компоненті аясында 2019 жылдың қарашасында Швецияның SweRoad компаниясы Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп Қазақстанда IRAP халықаралық жол қауіпсіздігін бағалау жүйесін енгізу бойынша келісімшарт келіссөздерін өткізді. Келісімшартқа 2019 жылдың 31 желтоқсанында қол қойылды, ал жоба 2020 жылдың қаңтарында басталды.
Жоба аясында 6 200 шақырым қалалық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бағалаудан өткізіледі. Бағалау түсірілімін SweRoad компаниясы мен «ҚазЖолҒЗИ» АҚ-ның қолдауымен «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК білікті мамандары орындайтын болады. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі – жол қауіпсіздігі саласындағы ұлттық сарапшылардың әлеуетін арттыру және халықаралық деңгейде бағалау жүргізуге қабілетті мамандардың әлеуетін нығайту.
Бағалау аяқталғаннан кейін әрбір жол учаскесіне IRAP стандарттары мен нұсқауларына сәйкес жұлдызшалар рейтингі тағайындалады және алынған мәліметтерге сүйене отырып, апаттық жағдайларды, ең бастысы еліміз жолдарындағы өлім-жітім мен жарақаттануды азайтуды көздейтін, бар кемшіліктерді жою бойынша әрі қарайғы іс-шараларға инвестициялық жоспар жасалады.
Сондай-ақ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ, «Жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және жоғары оқу орындары негізінде құрылатын IRAP ұлттық озық білім платформасын құру жобаны жүзеге асырудың басты нәтижесіне айналады. IRAP-ты ұлттық заңнамаға енгізу бойынша егжей-тегжейлі дайындалған ұсыныстар дайындалады.
Бағалау 50-ден астам параметр бойынша жүзеге асырылады және әр 100 метр сайын тіркеліп отырады. Бағалаудың осы түрінің маңызды сипаттамасы – жұлдызды рейтинг 5 балдық шкала бойынша автомобиль ішіндегі жол жүрісіне қатысушыларға, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге, мотоцикл жүргізушілеріне және велосипедшілерге бөлек тағайындалады. Бұл тәсіл инклюзивті болып табылады және тиімділікті арттырады, өйткені жол қозғалысына қатысушылар кейбір санаты назардан тыс қалуына жол бермейді. Бағалау бағдарламалық жасақтамасы бар арнайы жабдықталған автомобильде жүзеге асырылады. Жұлдызша рейтингін алғаннан кейін жол-көлік оқиғалары қаупінің деңгейін төмендету үшін инвестициялық жоспар жасалады, соған сәйкес ағымдағы кемшіліктерді түзете отырып, төмен рейтингі бар аймақтарды жақсартуға тура келеді.
Бұл әдістің артықшылығы, ол тек қауіптілігі жоғары жерлерді анықтап қана қоймай (1 немесе 2 жұлдызшалы учаскелер), сонымен қатар барлық жол учаскелерін талдауға толық мүмкіндік беріп, апат деңгейі төмен (4 жұлдызды) жақсы учаскені мейлінше қауіпсізге (5 жұлдызды) жеткізуді бекітуге ұмтылдырады.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»