Basty bet
Қолдану аясы кеңейіп келеді
Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы мен оны қолдау өте маңызды міндеттің біріне айналып отыр. Бүгінде осы бағытта мақсатты жұмыстар жүргізіліп, тілді одан әрі дамыту, сапасын одан әрі арттыру негізгі басымдық болып табылады.
Аудандық сотта өндірістік құжаттардың 100 пайызы мемлекеттік тілде жүргізіледі, мемлекеттік тілді қолдануға негізгі басымдық берілуде.
Мәселен, Жуалы аудандық сотында мекемеде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және осы бағыттағы жұмысты жолға қою мақсатында судьялар мен сот мамандарынан тұратын арнайы тұрақты топ құрылған. Атап айтқанда, сот төрағасының 05.01.2020 жылғы № 3142-20-1-3/9 өкімімен құрылған тұрақты топ қызмет атқарады. Тұрақты топтың жетекшісі – Жуалы аудандық сотының судьясы Айдарбек Замбаев, мүшелері кеңсенің бас маманы Дулат Досыбайлы, кеңсенің жетекші маманы Айгүл Тобабергенова.
Жуалы аудандық сотында штат бойынша үш судья, тоғыз мемлекеттік қызметкер бар, оның ішінде өзге ұлт өкілдері жоқ, судьялардың барлығы сот ісін мемлекеттік тілде қарайды және мемлекеттік тілде оқиды, түсінеді, еркін меңгереді, аудара алады.
Жуалы аудандық сотының қызметкерлері Жазира Оралова мен Рахат Мұсабек Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облыстық филиалында 29-30 сәуір аралығында өткен латын графикасын меңгеру бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын нәтижелі аяқтағаны жөнінде сертификаттарын алды.
11.04.2018 жылы судьялар, мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді меңгеру жөніндегі ҚАЗТЕСТ бағалау жүйесі арқылы тесттен өтіп, базалық және орта деңгейдегі бағаларын алды.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап судьялар мен мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілін оқу курсын өтіп, қазақ тілін меңгеру бойынша Жуалы аудандық соты «Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Жуалы аудандық бөлімшесімен бірлесіп, қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастырып, қазақ тілін оқу курстарынан өтіп, 2018 жылдың ақпан айында қазақ тілін жоғары деңгейде меңгергені туралы сертификаттарын алды.
2019 жылдың наурызынан бастап, Жуалы аудандық сотының судьялары мен мемлекеттік қызметкерлері «Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Жуалы аудандық бөлімшесімен бірлесіп ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылып, ағылшын тілінің мұғалімі Айман Омарова іс қағаздарын жүргізу бағыттарына, сот-құқық терминологиясын дұрыс қолдану, сөйлеу мәдениетіне, аударманың түпнұсқамен сәйкестігін қамтамасыз ете алуына, ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын меңгеруіне баса назар аударып, үйретті.
Қазақ тілінде жасалған сот актілерінің сапасын арттыру мақсатында мониторинг жүргізіп, жергілікті соттардағы арнайы комиссиялардың отырыстарында сот актілерін талқылап, қателерге жол бермеу бағытындағы жұмысы жүргізіледі.
Апта сайынғы өндірістік жиналыстарда судьялар мен сот қызметкерлеріне қаулыны жазғанда құқықбұзушының мәліметтерін дұрыстап жазу, емле, стилистикалық қателіктерге жол бермеу мақсатында, сот жүйесінде осындай кемшіліктерді үнемі бақылауда ұстау, қателіктерді болдыртпауға үлкен мән беру керектігі айтылып отырады. Барлық хабарламаларды хатшылар төрелік арқылы жолдау кезінде стилистикалық кемшіліктерге жол бермеу, «Төрелік» бағдарламасынан анықталған кемшіліктерге болдырмауға тырысу туралы, емле және стилистикалық қателіктерге Жоғарғы соттан үлкен бақылау жүргізілетіні туралы ылғи айтылады.
2020 жылдың 10 айында мемлекеттік тілге қатысты тақырып бойынша үш дөңгелек үстел өткізіліп, үш мақала жарияланды. Осы мерзімде соттағы құжат айналымына келетін болсақ, 3 467 кіріс құжат тіркеліп, соның ішінде 2313 мемлекеттік тілде, яғни 66,7%, 4 839 шығыс құжат тіркеліп, оның ішінде 4832-сі мемлекеттік тілде, яғни 99,8%, 863 құжат тіркеліп, оның ішінде 735 мемлекеттік тілде яғни 85,2%.
2020 жылдың 10 айында қаралған 57 қылмыстық істің 41-і мемлекеттік тілде, 370 азаматтық істің 343-і мемлекеттік тілде, 279 әкімшілік істің 255-і мемлекеттік тілде қаралған.
Жамбыл облыстық соты төрағасының 2019 жылдың бірінші жартысына бекіткен жоспарына сәйкес еңбек өтілі үш жылға дейінгі судьялардың арасында өткізілетін «Мемлекеттік тілдегі үздік сот актісі» номинациясы бойынша конкурсына судья Байжан Жамалбекұлының төрағалық етуімен қаралған №3142-18-00-2/718 азаматтық істің бейнежазбасы және сот актісі жолданған болатын. Мемлекеттік тілді қолдану және дамыту мақсатында құрылған арнайы топ мүшелерінің қорытындысымен Жамбыл облысы бойынша судья Байжан Жамалбекұлының сот актісі «Мемлекеттік тілдегі үздік сот актісі» номинациясы бойынша І орынды иеленді.
Есепті мерзімде мекемеде «Мемлекеттік тілдің басқа мелмекеттік мекемелермен құжат алмасуда үлесін артыру» атты тақырыбына байланысты онлайн режімінде дөңгелек үстел өткізілді. Аудандық прокуратура, аудандық әкімшілік, қорғаушылар, халыққа қызмет көрсету орталығы, несие беру ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, «Мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік тілде құжат алмасудың үлесін артыру» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандумға сәйкес аудандық сотқа барлық ресми іс құжаттар мемлекеттік тілде жолдануы қажеттігі көрсетілген.
Жуалы аудандық сотында мемлкеттік тілді қолдау жұмыстары алдағы жұмыс барысында одан әрі жалғасады. Мемлекеттік қызметте қызмет атқаратын әр азаматтың бірінші міндетінің бірі мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгеру. Әрине, бұл талап бәрімізге де қатысты, біріншіден мемлекетіміздің абыройы жоғарылайды, екіншіден өз тілін құрметтеу болып табылады.
– Елімізде мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін қыруар шаруа атқарылды, бағдарламалар әзірленді, Заң қабылданды. Барлық мемлекеттік атқарушы органдар осы мәселе бойынша іс-қимылдар жасауда, ендігі жұмыс өзіміздің тарапымыздан яғни азаматтың өзі алдына мақсат қойып мемлекеттік тілді меңгеріп оны одан әрі жоғары деңгейде қолдану.
Бүгінде ресми қағаздарды сауатты толтырып дайындау үшін кәсіби жетілдірілген қазақ тілін қолдануымыз қажет. Бұл жерде жазу мәдениетінің рөлі орасан зор.
Іс қағаздарын дайындау барысында жазу мәдениетін қатаң сақтауымыз қажет. Әр хаттың бойында реттілік, жүйелілік, түзулік, тәртіптілік, сәйкестік, қисындылық, мағыналық болуы тиіс. Оған да көңіл бөлу міндет болып отыр.
Қазақстан Республикасының тіл саясаты аясында мемлекеттік тілді дамытуға елімізде барлық жағдай жасалған. Аталған бағытты барлығымыз қолдауымыз қажет, – дейді аудандық соттың төрағасы Бақытжан Мүлкібаев.