Basty bet
Сайлауалды бағдарлама қабылданды
Жақында «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс ХХ съезіне делегат болып қатыстым.
Съезде күн тәртібіндегі «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын бекіту, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту мәселелері қаралды.
Партияның сайлауалды бағдарламасы – елімізді таяудағы бес жылда жаңа даму бағытына түсіретін нақты жол картасы.
Партияның сайлауалды бағдарламасында елдімекендерден, аудандар мен қала тұрғындарынан келіп түскен ұсыныс-тілектер, өтініштер ескеріліп, 216 аймақтық сайлауалды бағдарламаның жобаларын әзірлеу мен кеңінен талқылау барысында жасалды.
Онда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі өркендеген, шағын және орта бизнесі бар елге айналдыратын нақты шаралар ұсынылған.
Бағдарламада отбасылар, жастар мен аға буынды қолдау мәселелеріне, әлеуметтік мәселелерге, білім мен денсаулық саласына ерекше көңіл бөлінген.
Мәселен, партия Жуалы аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасына 49 елдімекенді біріктіретін 14 ауылдық округтің тұрғындарынан келіп түскен 94 өтініш-тілек қамтылған.
Біз алға қойған міндеттерді іске асыруда баршаңызды белсене атсалысуға шақырамыз. Нәтижесінде барлық мүмкіндіктер жасалған, берекелі қоғам құрамыз.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді.Тізімде бала мен ананың жайын ойлайтын көпбалалы аналардың болуы, жігерлі жастардың болуы көңіл қуантады.
Тізімге кірген өңірлердегі Праймериз жеңімпаздары – өз ісінің майталмандары.
Біздің міндет – Елбасы бағдарының сабақтастығын сақтай отырып, алдағы уақытта жұмысымызды жүйелі атқару, мақсат-міндеттерді өз межесіне жеткізу. Еліміздің тұрақтылығын сақтау болып табылады.
Анар Ахметова,
«Nur Otan» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары