Basty bet

Отандық энергетиканың келешегі

Энергия тапшылығының қандай боларын көршілес Өзбекстанға қарап-ақ байыптасақ болады. Қазір бұл ел өзіне керек энергияның 80-90 пайызын газдан алады. Яғни, газ жағып, оны электр тоғына айналдырады. 2022 жылдан бері өз газы жеткіліксіз болып, Ресейден импорттай бастады. Баламалы энергия көздеріне көшпесе, Ресей газына тәуелділігі арта бермек.

Естуімізше, біздің ел де 2022 жылдан бері энергетика тапшылығына тап болып, Ресейден, Қырғызстан мен Тәжікстаннан электр қуатының бір бөлігін импорттап жатыр. Импортталған энергияның бағасы біздің бағамен салыстырғанда тым жоғары.

Электр энергиясы АЭС-тен ғана емес, көмір, газ, жел, күн немесе гидро сияқты балама энергия көздерінен де өндіріледі. Алайда көмір жағып энергия өндіретін ЖЭС салудың қаупі көп. Еліміз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына өту бойынша міндеттеме алған. Осыған орай 2040 жылдан бастап көмір жағатын ЖЭС салудан бас тартып, жаппай “жасыл” энергияға өту үрдісін бастауға тиіс. Демек, келешекте көмірден энергия алуға ешқандай негіз жоқ.

Елімізде күн, жел электр стансалары бар. Баламалы энергияны өндіретін стансалар салу әрі қарай да жалғаса береді. Бірақ олар энергияға тәуелділік мәселесін шеше алмайды.

Қазір мамандар мен ғалымдар АЭС артықшылықтарын, еліміздегі жағдайды жан-жақты айтып, халыққа түсінідіруде. Сондықтан алдағы референдумда еліміздің болашағы үшін мәселеге терең үңіліп, байыппен дұрыс шешім қабылдауымыз керек.

Күлбақыт Айтқұлова,

аудандық Аналар алқасының төрайымы

Таңдаулы материалдар

Close