Basty bet

Қоқыс жағу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау

Қоқыс жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау өте маңызды. Қазақстанда қоқысты рұқсатсыз немесе қауіпсіздік ережелерін бұзып жағу әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

 

Өрт қауіпсіздігі талаптары. Қоқыс жағуға рұқсат етілген жағдайда:

 

– Желсіз ауа райында жағу керек.

– От жағылатын орын ғимараттардан, құрылыстардан және жанғыш материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта болуы тиіс.

– Алаң құрғақ шөптен, жапырақтан және басқа жанғыш заттардан тазартылуы қажет.

– Жақын жерде су, құм немесе өрт сөндіргіш болуы керек.

– Отты қараусыз қалдыруға болмайды.

– Қоқыс толық жанғаннан кейін отты мұқият сөндіру қажет.

 

Айыппұл мөлшері

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес:

 

– Жеке тұлғаларға – 20 АЕК;

– Лауазымды тұлғаларға – 50 АЕК;

– Шағын бизнес субъектілеріне – 200 АЕК;

– Орта бизнес субъектілеріне – 300 АЕК;

– Ірі бизнес субъектілеріне – 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

 

Егер қоқыс жағу салдарынан өрт шығып, мүлікке зиян келсе немесе адамдар зардап шексе, қосымша жауапкершілік, тіпті қылмыстық жауапкершілік те туындауы мүмкін.

 

Қоқысты жағудың орнына оны арнайы қоқыс полигондарына немесе қалдықтарды жинау орындарына шығару қауіпсіз әрі экологиялық тұрғыдан дұрыс шешім болып табылады.

 

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close