Basty bet

Жүзден жүйрік шыққан

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мерекесінің қарсаңында Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің шешімі бойынша Тәуелсіз Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын, ұлттық журналистиканың өркендеуіне үлкен еңбек сіңірген бір топ үздік қаламгерлер «Қазақ журналистикасының қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. Айтулы шара Алматы қаласында өтіп, оған Қазақстанның белгілі ақын-жазушылары, журналистері, қоғам және өнер қайраткерлері қатысты.
Осы құрметті атаққа Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінің бұрынғы Бас редакторының орынбасары, қазіргі таңда Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқаратын белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Ақылжан Мамытов ие болды.
Әріптес інімізді құрметті атағымен құттықтай отырып, үлкен шығармашылық табыстар тілейміз!
Доқтырхан Тұрлыбек,
жазушы,
Халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының
бас директоры

Таңдаулы материалдар

Close