El іshі

Діни экстремизмнен қатер көп

Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.

Террорлық актілерге итермелейтін ерсі жағдайлар және қайшылықтар өсе түсуде. Қазіргі кезде діни фундаментализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік деңгейде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Тұңғыш Президент Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп». 2001 ж. 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террорлық акт жаңаша сипат алып, терроризммен күрестің бұрын тарихта болмаған халықаралық жаңа кезеңіне негіз болды. Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизм мен терроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте өзекті мәселе.
Діни экстремизм мен терроризм кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.
Еліміз тәуелсіздік алғалы діннің дамуына кең жол ашылды. Көп жыл кеңес тегеуірінін көрген мұсылман қауымы Құран Кәрімде еркін оқуға мүмкіндік алды. Мұсылман дінін басқаратын, оның дамуын реттейтін, ұйымдастыратын, уағыздайтын тәуелсіз басқарма құрылды.

Қалан Мамбеталиев,
Жамбыл ауданаралық әділет
басқармасының инспекторы7
Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі

Таңдаулы материалдар

Close