Ádebıet

Өлең өлкесінде

Сұлулық сыры

Жас көктемдей жастарымның сұлуы-ай!
Біз білмейтін сұлулықтың сырын-ай.
Ерлер үшін қала берсін жұмбақ боп,
Елес болып өріп қойған бұрымдай.

Көзбен көріп, сұқтанамыз бәріне,
Сыр тартпаймыз, бара алмаймыз әріге.
Сондықтан да бәрімізге беймәлім.
Жастар тұрмақ біле алмаған кәрі де,

Сұлулықтың сырын білгің келсе егер,
Көзің емес жүрегіңмен өлшенер.
Сонда ғана сырын оның ұғасын,
Жүрек көзі көркемдігін көрсе егер.

Жастарым көп сұлулықпен таласқан,
Ілім-білім, парасаты жарасқан.
Солар сенген болашағы халқымның,
Дегендей-ақ, күліп тұрып көк аспан.

Жастарыммен
мақтанамын

Ауылым Алатау мен Құлантаудың арасында,
Етегінде бұлақ ойнар, қар басында.
Қозы-лақ ойнақтаса көкорайда,
Арақарлары ойнаған жартасында.

Таудың дағы қыраны, тағысы мол,
Адамдары секілді табысты қол.
Қай істі бастаса да дөңгелетіп,
Жастарына үлгі еткен еңбекті жол.

Тауға ұқсаған тұлғасы ерлерінің,
Жемісімен күн кешкен еңбегінің.
Ауыл үшін, ел үшін таппай тыным,
Еңбексүйер жастар көп елде бүгін.

Ілімді, өнерді де қолды еткен,
Қос таудай биіктерден оңай өткен.
Қашанда жастарыммен мақтанамын,
Мекені үшін мейірім нұрын төккен.

Пернебек Бердімбетов,
зейнеткер.
Шақпақта ауылы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close