Ádebıet
Бақытты ана
Асыл ана, сыршыл ана, ақ маңдай,
Басыңызға қонған ғажап, бақ қандай.
Жүзіңізден шуақ болып төгіліп,
Бар әлемнің таңы күліп атқандай.
Жырды сүйдің жүрегіңе құйылған,
Қуат алдың өмір деген құйыннан.
Тіршілікте шын таланттың бақытты,
Тәңірімнің сізге сыйы бұйырған.
Еңбек еттің жарқыраған әлемде,
Қуанышты жеткізесің әр елге.
Жан дүнием әнмен егіз болған соң,
Аналарға сый мен құрмет бар менде.
Жауhар жырдың анасы,
Асыл сөздің данасы.
Отбасында асыл жар,
Ұл-қызының панасы,
Аман-есен, сау жүрші,
Отбасымның анасы!
Айдана Алмабай,
№9 Абай атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы