Ádebıet

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мерекесі. Бұл Тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Бұл күн – қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты патриоттық сағат өтті. Іс-шараға ГСВГ ардагерлер қоғамы бірлестігінің ардагерлері Н.Мырзахметов, Н.Жанғазиев, Қ.Мұратаев, Н.Оспанов, Ғ.Есмұрзаева, №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп- гимназияның 5 сынып оқушылары және «Нұрлы ұрпақ» бөбекжай-балабақшасының мектепалды даярлық «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндері қатысты.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер қонақтарға «Жаса, Қазақстан!» әнін орындап, «Қамажай» биін билеп берді. 5 сынып оқушылары «Сарбаздар» әнін орындады. ГСВГ ардагерлер қоғамы бірлестігінің ардагерлері Н.Мырзахметов, Қ.Мұратаев алғыстарын білдіріп, Н.Жанғазиев өлеңін оқып берді. Кітапханашы Г.Егеубаева «Ерлік даңқы ешқашан өшпейді» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Аида ШӘКІР,
аудандық орталық
кітапхананың қызметкері

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close