Basty bet
«Асар» оңалту кешені жаңа ғимаратқа көшеді
Сенбі, 5 желтоқсан күні, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
«Бірлік Сервис және Ко» ЖШС 180 орынға шақталған №4 орта мектептің жаңа ғимаратының құрылысымен айналысуда. Мердігер, бұған дейін берген уәдесі бойынша нысанды жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Ал уақытша көрші №33 орта мектепте білім алып жатқан оқушылар үшінші тоқсанда олар өз мектептерінде оқитын болады.
«Асар» оңалту кешенінің жаңа ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға жақын. Ғимаратта емдік дене шынықтыру кабинеті, логопед, психолог, социолог, сондай-ақ инва-такси диспетчерлік қызметі іске қосылады. Бұдан бөлек, кешенде мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс істеуі үшін бірден 7 шеберхана ашу жоспарлануда.
Бердібек Сапарбаев қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа құрылыс жұмыстарын жеке бақылауында ұстауды тапсырды.
«Тектұрмас» этно-тарихи кешені аумағында да бірнеше нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Бердібек Сапарбаев жыл соңына дейін жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталуы тиіс екенін тағы да ескертті. Облыс әкімі іргелес аумақтағы абаттандыру жұмыстарына да ерекше назар аудару керектігін атап өтті.
Жамбыл облысы
әкімінің баспасөз қызметі