Basty bet

Сайлауалды штаб салтанатты түрде ашылды

Өткен аптаның жұмасында «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының Сайлауалды штабы салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шараға штаб мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды штаб төрайымы Анар Ахметова ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталғанын атап өтті. Оған партияның Жуалы аудандық филиалы толық дайын екендігін, яғни,барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалғанын жеткізді.
-Аймақтық сайлау комиссиясында біздің 26 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның ішінде 22 – адам праймериз жеңімпазы, 4 – адам партия филиалының квотасы бойынша тіркелген.
Партия басшылығының тапсырмасы бойынша біздің өңірлік/аймақтық сайлауалды Штаб құрылды. Штаб құрамына 40 адам кірді. Бұл біздің аудан тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығына 26 кандидат. Штабтың 32 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие.
Сонымен қатар, штаб жанынан біздің өңірдің жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған біздің «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері, сондай-ақ біздің жастарымыздың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары кірді.
Үгіт-насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы – «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» («Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!») негізінде жасалған. Бұл партияның алдағы бес жылға арналған нақтыланған, стратоға бағдарланған жұмыс жоспары.
Партияның XX съезінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Партия қоғамнан келіп түскен ұсыныстарды ескерді. Біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болмайды!».
Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» – ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл – жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану.
Сайлаудағы жеңіс әрқайсымыздың біліктілігімізге, жауапкершілігімізге, өз ісімізге толық берілгендігімізге тікелей байланысты.
Партия Төрағасы – Елбасы барлық кандидаттар сайлау науқанына белсенді атсалысуы керектігін нақты белгілеп берді.
Өз кезегінде, Партия Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, барлық үгіт-насихат жұмыстары «жанды» және сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жасалуы тиіс. Партия кандидаттары 20/80 формуласын ұстанулары керек – «партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80%».
Бұл ретте біз барлығымыз заңнама талаптарын нақты ұстануға және осы кезеңде қандай да бір шағымдарға немесе заңбұзушылықтарға жол бермеуге тиіспіз. Партияның имиджіне нұқсан келтіретін кез келген қауіп-қатерді болдырмау керек!
Біздің барлығымыз Партиямыздың осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз, – деді штаб төрайымы Анар Садыққызы.
Одан кейін сөз алған штаб мүшесі Ерғали Тілеубеков «Біз барлығымыз партиямыздың осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз» деп кандидаттарды сайлау науқанында белсенділік танытуға шақырды.
Сонымен қатар шарада Керімқұл Бегалиев, Әсима Шекеева, Гүлнұр Қадырбек сөз алып, кандидаттарға сәттілік тілей отырып, сайлаушыларды дұрыс таңдау жасауға үндеді.

Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Close