Basty bet
Балалардың терезеден құлауына жол бермейік
Соңғы уақытта балалардың терезеден құлауы жиілеп кетті. Бүгінгі таңда жыл басынан Жамбыл облысының аумағында балалардың терезеден құлауы бойынша үш қайғылы оқиға тіркелді. Мұндай жағдайлар тұрғын үйдегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ата-аналарының немесе өзге де адамдардың жауапкершілікпен қарамауы салдарынан жол берілген.
Жаз кезеңінің басталуымен көптеген пәтерлердің терезелері үнемі ашық тұрады, соған қарай балалар өздігінен өзін-өзі қорғау инстинкті дамымаған кезде, терезе алдына мініп, москит торына сүйеніп, терезеден құлайды. Осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі келесі қарапайым ережелерді ұстануға шақырады:
1. Терезені ашық қалдырмау, бірер секундқа алаңдап қалудың өзі баланың өміріндегі ақырғы сәті немесе өмір бойына өкінішті болуға жеткілікті.
2. Терезеге тиісті қорғанышсыз москит торларын қолданбау. Балалар кейбір кедергіні алдынан көріп,оған мықтап ұстайды, соның нәтижесінде тіпті бір жасар баланың салмағына да есептелмеген тормен бірге құлауы мүмкін.
3. Терезе немесе шыны есіктердің жанында ойнап жатқан балаларды қараусыз қалдырмау.
4. Балалар терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеге жақын қоймау.
5. Балалардың терезені өз бетінше ашып алуына бөгет жасайтын блокираторлар орнату.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі