Basty bet
Электр қуатын үздіксіз беруге күш салуда
Желтоқсан айының үшінші жексенбісі Қазақстанда Энергетиктер күні ретінде атап өтіледі. Еліміздің біртұтас энергетикалық кеңістігінің бір бөлшегі болып табылатын Жуалы аудандық электр желілерін тарату мекемесінің қызметкерлері кәсіби мерекеге айтулы жетістіктермен, жоғары көңіл-күймен келіп отыр. Оны біз мекеменің басқарушысы Рабат Сәрсеновпен болған әңгіме барысында байқадық.
– Мекемеде 76 жұмысшы мен 17 автокөлік, соның ішінде үш жеңіл, үш «УАЗ» маркілі, екі бригадалық автокөлік, екі трактор, бір-бірден автокран, ТВ, АГП-18, эксковатор, тартқыш, «ГАЗ-53» бар. Мұнда тоғыз қызметкер инженерлік-техникалық жұмыскерлер санатында десек, ЭЖ бригадасында 11, кезекші ОДГ-нде бес, ҚС бригадасы мен кезекші ОВБ-нде төртеуден, ҚС кезекшісі үшеу, 11 бақылаушы учаскелік электр монтері, 9 жұмыскер бақылаушы болып еңбек етеді. Сонымен бірге, 15 жүргізуші- тракторшы мен шаруашылық қызметінде бір жұмыскер бар, – деді Рабат Полатұлы.
Мекеме қызмет көрсететін 35 кВ әуе желілерінің ұзақтығы 149,83 шақырымды, 10 кВ ӘЖ – 407,2 шақырымды, 0,4 кВ ӘЖ – 363,2 шақырыМды құрайды. Бұл дегеніңіз «Бурный» П/СТ-дан Л-015, 016 Қошқарата, Күреңбел, Көлтоған, Тасбастау, Қарасаз, Қоңыртөбе, Шақпақ елдімекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін кернеулік. Одан бөлек, осы аумақта 188 дана қосалқы станция да бар. Мәселен, 220/35/10 кВ қосалқы станциясы бір дана болса, 35/10 кВ қосалқы станциясы 11, 10/04 кВ КТП 176 дананы дананы құрайды.
Аудан тұтынушылары жалпы күнделікті 100-110 кВт, яғни, бір айда жиынтық есеппен алғанда 2 900 350 кВт электр энергиясын тұтынады. Аудандағы 220 кВ ӘЖ энергияны 2819 KEGOС желісінен, 110/35/10 кВ «Пригородная» ҚС-нан алса, Билікөл бөлімі Талас ауданындағы 35/10 кВ «Майтөбе» ҚС-нан алады.
Ауданда 52 елдімекен бар, олардың ішінде Жуалы аудандық әуе желілерінен 49-ы, Талас ауданының 1-ауылы, темір жолдан 3-уі алады. Ең шалғайда жатқанБүргенді мен Әбдікадыр ауылдары 70-75 шақырым қашықтықта.
Мекемеде 2020 жылға жоспарланған күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен атқарылған. Атап айтқанда, күрделі жөндеу 35 кВ ӘЖ-нің 5 шақырымы, 10 кВ ӘЖ-нің 75,4 шақырымы, 0,4 кВ ӘЖ-нің 72,3 шақырымы, бірқатар қосалқы станциялар күрделі жөндеуден өткізілген. Сонымен қатар 35 кВ ӘЖ-нің 46,88 шақырымы, 10 кВ ӘЖ-нің 300,4 шақырымы, 0,4 кВ ӘЖ-нің 263,4 шақырымы ағымды жөндеуден өткізілген.
2020 жылы жөндеу жұмыстары барысында 0,4 киловольтты әуе желісінде 22 бағана, 10 киловольтты әуе желісінде 33 бағана және 65 дана темірбетон тіреуіштер ауыстырылды және ауыстырылатын бағаналар көп.
– Бүгінде елді мекендердегі электр бағандарының және әуе желілері сымдарының тозығы жеткені туралы жиын сайын көтерілетін өзекті мәселе екендігі мәлім. Бұл орайда біз қол қусырып қарап отырған жоқпыз. Ескі бағандардың жаңасына ауыстыру туралы жоғары тұрған басшылыққа бірнеше мәрте сұраныс жібердік, басшылардың өздерін шақыртып көрсеттім. Бұл бір күнде шешілетін шаруа емес.
Тұрғындардың кернеудің төмендігіне байланысты арыз-шағымдарына байланыстысты төмендегі ауылдарда қосымша желілер тартылып кернеуді қалпына келтірдік, – дейді мекеме басқарушысы.
Шақпақ ауылдық округінің Тәттібай Дүйсебайұлы, Шақпақата ауылдарындағы екі көшенің, Жетітөбе ауылдық округінің Шыңбұлақ ауылындағы екі көшенің, Ақтөбе ауылдық округінің Жаңаталап ауылындағы бір көшенің, Нұрлыкент ауылдық округінің Нұрлыкент ауылындағы Замбаев көшесінің, Ақтоған ауылындың КТП-нің орнын ауыстыру жоспарға қойылды, Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылындағы №15 КТП орны ауыстырылды, яғни, Қ.Рысқұлбеков көшесінен Қонаев көшесіне ауыстырылған.
Бүгінгі таңда жеке тұлғалар, яғни, ведомстволық трансформаторлар толық, ағымды және күрделі жөндеуден өткен жоқ, бұл тұтынушыларға жаңадан қосылған массивтер көше жарықтары жатады.
Жуалы ауданы электр желілерін тарату мекемесіндегі жеке тұрғындар бойынша абонент саны – 10 199. Жалпы заңды тұлғалар саны – 527, соның ішінде мемлекеттік мекемелер – 81, әртүрлі кәсіпорындар – 446.
Жеке тұлғалардың электр энергиясын пайдалану мөлшеріне байланысты енгізілген сараланған тариф 13,69 теңгені, 17,47 теңгені, 21,85 теңгені құрайды. Өндірістік қажеттілікке байланысты абоненттерді электр жүйесіне қайта қосу тарифі 3 383теңге.
Мемлекеттік мекемелердің бір айда жағатын электр энергиясы қазан айымен алғанда 581,0 мың кВт/сағат 19 097,0 мың теңге. Мемлекеттік мекемелердің тарифі ҚҚСсыз 29,88 теңге, ҚҚС-мен бірге 33,47 теңгені құрайды.
Әртүрлі кәсіпорындардың бір айда жағатын электр энергиясы қазан айымен алғанда – 498,0 мың кВт/сағат – 11 221,7 мың теңге. Әртүрлі кәсіпорындардың тарифі ҚҚС-сыз 20,34 теңге, ҚҚС-мен бірге 22,78 теңгені құрайды. Өндірістік қажеттіліктерге байланысты заңды тұлғаларды электр желісіне қайта қосу тарифі – 8544 теңге болып бекітілген.
Ауылдық округ бойынша ай сайын электр жарығы үшін жеке тұрғындардан төлем орташа есеппен 20-21 млн. теңге соманы құрайды.
Биылғы жылғы төтенше жағдайға байланысты халықтың көмекке мұқтаж осал топтарына үкімет тарапынан ағымдағы жылдың мамыр-қыркүйек айларында 50 754 000 теңге қаражаттың түсуіне байланысты, бүгінгі таңда жарық үшін жиналатын қаржы біршама қысқарды.
– Бүгінгі таңда біз бұл жұмыстармен ғана шектеліп отырған жоқпыз. Күнделікті әр елдімекендердегі ақаулық актілерін жасатып, оларды жөндеуге жоспарлар жасалынып, жөндеу жұмыстарымен айналысудамыз.
Кәсіби мерекеге орай ауданның энергетика саласының мамандарын, ардагерлерін төл мерекесімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, шаңырақтарына құт-береке тілеймін, ортақ ісімізді абыроймен атқарайық дегім келеді. Ал электр қуатын тұтынушыларды алдағы уақытта да сапалы қызмет көрсету арқылы көңілдеріңізден шығуға бар күш-жігерімізді сала беретінімізге сендіремін, – дейді аудандық электр желілерін тарату мекемесінің басқарушысы Рабат Полатұлы.
Суреттерді түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ