Basty bet
Батыр мұраларын насихаттады
Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Б.Момышұлының 110 жылдығына орай Талапты ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте мектеп ұжымының және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен «Бауыржан мұралары» атты аудандық байқау ұйымдастырылды.
«Аңыз болған халқына – Б.Момышұлы» (тест тапсырмасы), «Батырдан қалған өсиет» (сұрақ-жауап), «Ер ерлігін елі де жыр етеді»(Б.Момышұлына арналған арнау өлеңдер) деп аталатын үш бөлімнен тұратын аудандық байқауға мектептерден 20 оқушы қатысып, бақ сынады.
Байқау қорытындысында Жаңаталап орта мектебінің оқушысы Марал Әби дараланып, І орынды жеңіп алды. А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқушысы Ақерке Алланазар жүлделі ІІ орынды иеленсе, үшінші орынның екі жүлдесі Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы Ақбала Бердібаева мен Көктөбе орта мектебінің оқушысы Айгерім Аманбекке берілді.
Жүлдегерлерді аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Нарымбеков, №22 Б.Момышұлы атындағы орта мектептің директоры Руслан Сайлаубаев, аудандық «Jańa ómir» қоғамдық-саяси газеті Бас редакторының орынбасары Нұржан Дербісалиев, Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері Сағадат Шілдебайұлы марапаттады. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді.
Нұржан МАНАСҰЛЫ,
«Jańa ómir»