Basty bet

Жастармен кездесіп, пікір алмасты

Ауданға жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев «Сервистік әкімдіктің» мәжіліс залында Жуалы аудандық алаңы жобалық кеңсесінің елшілерімен, яғни жастармен кездесті.

Кездесуді аудан әкімінің аппарат басшысы Серік Қойбақов жүргізді.
Басқосуда сөз кезегі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Қуанышбайұлына берілді.
-Менің сіздермен кездесудегі мақсатым – кері байланыс орнату. Сіздер ауылдық округ әкімдерімен келісіліп осы адалдық алаңының елшісі қызметін алып отырсыздар. Барлығыңыз туған жерге жанашырлық танытып, үгіт-насихат жұмысын жүргізетін, қандай мәселе туындаса да соның шешімін табуға атсалысатын азаматсыздар. Елді мекендерде тікелей тұрғындармен байланыс жасайтын да сіздер. Сондықтан ауылда қандай маман бар, мәселе бар барлығын жақсы білесіздер. Ауылға жанашырлық таныту керек. Оның дамуы мен гүлденуіне, қандай мәселе шықса да шешімін аудан деңгейінде шешуге тырысу қажет. Ауданның абыройы – сіздердің абыройларыңыз.
Бұл адалдық алаңындағы өздеріңіздің елдімекендеріңіздегі жұмысты ұйымдастыру арқылы тәжірибе жинақтауға мүміндік туындайды. Халықпен байланыс жасау арқылы өздеріңізді жетілдіріп, ауылдың дамуына атсалысуға болады. Ауылдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның жолын кесуге адалдық алаңының елшілері жұмыс жасауы керек. Ауылдың тұрғындарымен түрлі сауалнамалар жүргізіп, ол көпшіліктің ой-пікірлерін, проблемаларын білуге септігін тигізеді. Осы аудандағы адалдық алаңының жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру, халықпен кері байланыс орнату сіздердің міндеттеріңіз. Алда бірлесе отырып жұмыс істейтінімізге сенім білдіремін, – деді ол өз сөзінде.
Одан кейін кезек жарыссөзге беріліп, жастар өз сауалдарын жолдады. Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дәулет Қыдырбаев, Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Ернұр Нұрмахан сұрақтарын қойды. Олардың тарапынан түскен сауалдарға аталған департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев жауап берді.

Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Close