Basty bet

Ауылда интернет жылдамдығы неге төмен?

Шақпақ ауылдық округінің әкімі Затыбек Пашенов Т.Дүйсебайұлы ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
№ 28 Амангелді атындағы орта мектептің акт залында өткен жиында аймақ басшысы 2020 жылы округте атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есептік баяндама жасады.
Баяндама аяқталған соң, жарыссөзге кезек берілді. Ауыл тұрғыны Қ.Жапарқұлов интернет желісінің жылдамдығы өте төмен екенін айтып, оны жақсартуға ықпал етуін сұранды.
Қойылған сұраққа жауап ретінде Затыбек Пашенов «Қазақтелеком» АҚ-ның басшысына хат жолдағанын және алдағы уақытта бұл мәселені шешуге ықпал ететінін айтты. Ауыл тұрғындары берілген жауапқа толығымен қанағаттанды.
Жиналған көпшілік атынан ауыл тұрғыны С.Байжанов ауылдық округ әкімінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріп, алғысын айтты.

Таңдаулы материалдар

Close