Basty bet

Үш ауылдың тұрғындарына есеп берді

Ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиындары жалғасып, апта басында Билікөл ауылдық округінің әкімі Талғат Әмірәлиев ауылдық округке қарасты Жылыбұлақ ауылындағы №39 Жылыбұлақ бастауыш мектебінде Жылыбұлақ, Дарбаза, Әбдіқадыр ауылдарының тұрғындарына есеп берді
Жиын жұмысына аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры З.Бүрлібаев, аудандық мәслихаттың депутаты Ж.Исаев, округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Абсалямов қатысса, жиынға ауыл тұрғындарынан барлығы 32 адам келді.
Жиында ауылдық округтің әкімі Т.Әмірәлиев 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысына арналған баяндама жасады. Тұрғындардың сұрақтарына келер болсақ, К.Мышбаев, ауылды арық суымен қамту мақсатында «Дарбаза» су қоймасының шлюзін жөндеу, М.Жанқожаев ауыл жастарын қолдау мақсатында ауылдағы кіші футбол алаңын ағымды жөндеуден өткізу, С.Оразымбетовтың жайылым жердің пайдалану мерзімін ұзартып, ұзақ мерзімге пайдалануға беру мәселелері көтерілді.
***
Ауылдық округтің әкімі Т.Әмірәлиев Дарбаза ауылының тұрғындарымен де есеп беру жиынын өткізіп, оған да аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры З.Бүрлібаев, аудандық мәслихаттың депутаты Ж.Исаев, округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Абсалямов қатысып отырды. Жиынға 23 тұрғын қатысып, оның ішінен екі адам сөйледі.
Ауыл тұрғыны С.Бексейітов ауылды арық сумен қамту мақсатында «Дарбаза» су қоймасының шлюзін жөндеу қажет, онсыз қоймаға су жиналмайтынын айтса, Е.Шыңғысбаев Дарбаза көшесін орта жөндеуден өткізіп, асфальт жамылғысын төсеу керектігін сұранды.
***
Осы күні түстен кейін округке қарасты Әбдіқадыр ауылында да есеп беру жиыны өтіп, оның жұмысына аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры З.Бүрлібаев, аудандық мәслихат депутаты Ж.Исаев, округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Абсалямов және ауыл тұрғындарынан барлығы 35 адам қатысты.
Ауылдық округтің әкімі Т.Әмірәлиевтың баяндамасынан соң ауыл тұрғындары С.Ділдаханов ауылдың Бөгенбай көшесіне көше жарығын жүргізу туралы, ал Т.Бажиров, Бөгенбай көшесін орта жөндеуден өткізіп, асфальттау қажеттігін еске салды.
Аталған үш ауыл тұрғындары да әкімнің қорытынды есебіне қанағаттанарлық деген бағасын берді.

Таңдаулы материалдар

Close