Basty bet
Жұмыстар жалғасады
Қарасаз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Жанар Нұрмұратқызы апта басында Ақбастау ауылы тұрғындарының алдында есеп беру жиналысын өткізді.
Жиын жұмысына Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Тұрмаханбетова, учаскелік полиция инспекторы Н.Адаматаев, ауылдық ветеринариялық пункт меңгерушісі Е.Қасымбекұлы, ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындарынан барлығы 30 адам қатысты.
Күн тәртібінде Қарасаз ауылдық округінің әкімі 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға атқаратын міндеттері туралы, қорытынды есебі туралы мәселе қаралып, онда ауылдық округ әкімінің м.а. Жанар Нұрмұратқызы есеп беру жиналысының маңыздылығына тоқталып, ауылға қатысты мәселелердің осы жиынның барысында көтерілуі қажеттігі және шешімін табу үшін жұмыстар атқарылатыны туралы айтты.
Сонымен бірге тұрғындар алдында 2020 жылы ауылдық округ бойынша атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есебін жасады.
Баяндамадан соң жарыссөзде ауыл тұрғындары, зейнеткерлер Асан Борашев, Аманқұл Тұрмаханбетов атқарылған игі істерге алғысын білдіріп, округ әкімшілігінің жұмысын оң бағалап, атқарылуы тиіс жұмыстардың әлі де көп екенін баса айтты.
Ал енді тұрғындардың ұсыныс-өтініштеріне келер болсақ, тұрғындардан Ақбастау ауылындағы Төле би көшесінің арығын кеңейтіп ашу қажеттігі айтылды. Сұраққа ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Ж.Нұрмұратқызы төмендегіше жауап берді.
-Ақбастау ауылы Төле би көшесінің арығын кеңейту және созу бойынша биыл тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Себебі, ағымдағы жылдың басында механикаландырылған отряд арқылы округтің каналдарын тазалауға ұсыныс берілді,- деді ол.
Ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы алдағы уақытта да барлық мәселелер бойынша шешімін табу үшін жұмыстар атқарылатынын айтып, жиналысты қорытындылады.
«Jańa ómir»-ақпарат