Basty bet

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы

2016 жылдан бастап Қазақстанда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның үшінші бағыты халық тығыз қоныстанған оңтүстік аймақтардан, жұмыс күші жетіспейтін солтүстік аймақтарға ерікті түрде қоныс аударуды жүзеге асырады. Қоныс аударушылар атап айтқанда, әлеуметтік пакет алады, жұмысқа орналасады және баспаналарына көмек көрсетіледі.
Осы бағдарламаны іске асыру үшін 2019 – 2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында 98 тұрғын үй салынды.
Соның ішінде, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округі Пески ауылында 4 тұрғын үй салынды. Ауыл аудан орталығынан (Новоишим а.) 7,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Облыс орталығына дейінгі қашықтық (Петропавл қ.) 250 шақырым.
Аталған ауылдың тұрғындар саны 640 адамды құрайды. Ауылда 11 сыныпқа арналған орта мектеп (орыс тілінде оқытумен), шағын орталық, медициналық пункт, балалар спорт алаңы және пошта қызметі бар.
Ауыл ішіндегі жолдар асфальтталған, су орталық сумен жабдықталған.
Ауылда жалпы егіс көлемі 13 мың гектар болатын «АЗКО» ЖШС жұмыс істейді. Бұл ЖШС-де: токарь, КаМАЗ жүргізушісі, механизатор және т.с.с. бос жұмыс орындары бар. Сондай-ақ, ауылда жеке қосалқы шаруашылықты өсіруге немесе өз кәсібін ашуға болады. Қажет болса, тілек білдірушілерге көгалдандыру үшін қосымша жер учаскелерін беруге мүмкіндігі бар.
Қоныс аударушыларға салынған үйлердің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды, тұрғын бөлмелерінің саны – 3, жылыту – пеш арқылы.
Қоныс аудару сұрақтары бойынша, төменде көрсетілген телефондарға хабарласуға болады:
8 705 1996867
8 707 5528199
8 702 7275464
8 (71535) 51-6-45

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close