Basty bet

Мәселелі сұрақтарға жауап берді

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтардың нақты проблемаларын шешуге және заңдылық пен құқық тәртібін сақтауға бағдар бере отырып, халықпен тікелей диалогты орнату және нығайту мақсатында ұйымдастырылып жатқан қоғамдық көшпелі қабылдау Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылында өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы және көшпелі қоғамдық қабылдау тобы Көлтоған ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың мәселелі сұрақтарына жауап берді.

Ашық аспан астындағы көшпелі қабылдауда тұрғындар газ, таза ауыз мәселесімен қайырылды. Аудан әкімінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Ерболат Сейітбековтен ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсатбек Байболов көптен күткен қуанышты жағдай таза ауызсу қашан толық кіргізіліп бітетіндігін сұрады. Ал, Уәлихан Жаманқұлов ауылдағы табиғи газ мәселесін көтеріп, ауылдағы жұртшылық қашан табиғи газға қол жеткізетіндігін сұрады.

Сонымен бірге, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Зиядхан Бүрлібаев бірнеше тұрғынды жеке сұрақтарымен қабылдап, жауап берді. Ал, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы Мақсат Мәтен көлтоғандықтардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Қоғамдық қабылдау түс ауа Мыңбұлақ ауылдық округінде жалғасын тапты. Мұнда аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова ауыл тұрғындарының өтініш-тілектеріне құлақ қойды. Түрлі сауалдармен қайырылған тұрғындарға жауап беріп, кейбір сұрақтарды назарға алды.

Айгүл Қалымханқызы,

 «Жаңа өмір»

 

Таңдаулы материалдар

Close