Basty bet

Індеттің таралуы толастар емес сақтық шараларын сақтау бәрінен маңызды

Ақпараттар ғасырында өмір сүріп отырған соң ақпараттарды сөйлетпей тағы да тұра алмаймыз. Әсіресе, коронавирустық инфекция таралғаннан бері ақпарат тасқынының астында қалғанымыз жасырын емес. Әлемдік сарапшылардың пікірінше, әлем экономикасы соңғы жүз жылда болмаған дағдарысты бастан өткеруде.

Соңғы тәуліктерде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны 1400 адамға жуықтаған. Індет бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпей отыр. Ал соңғы ақпараттарға сүйенсек, Жамбыл облысында 5470 адам індет жұқтырған. Өткен жылдың соңында коронавирустық инфекцияның таралуы толастағандай болған. Бұл да ұзаққа созылған жоқ. 2021 жыл басталысымен-ақ ел іші дүрліге бастады. Кейбір өңірлерде инфекцияның таралуы рекордтық көрсеткіштерге жеткен.  Қазір еліміздегі эпидемиологиялық ахуал алаңдатарлық жағдайда. Коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі бойынша Қазақстан «қызыл аймаққа» енді. Жалпы індет жұқтырған науқастардың саны қауіпті деңгейден асып жығылған өңірлердің қатары артып отыр.  Дәл қазір алты облыс пен екі қала «қызыл аймақта» тұр. Олар – Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Біздің Жамбыл облысы әзірге жасыл аймақта. Лайым солай болсын.

Былтыр індеттің алғашқы толқынында дәрі-дәрмектің қоры азайып, тиісінше, қауіпті вирусты жұқтырған науқастарға дәрі жетпей, дәріханалардың алдында ұзын-сонар кезектің туындағаны белгілі. Дәрі-дәрмекпен қатар медициналық бетперденің де тапшылығы байқалғаны болатын. Апта ортасында аудан орталығындағы дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек пен бетперденің қоры мен бағасына тағы бір мәрте зерделеу жасаған болатынбыз. Теміржол өткелінің жанындағы «Пирматова» жеке кәсіпкерлігінің дәріханасында бетперденің қоры жеткілікті. Тиісінше оның әр данасы 40 теңгеден сатылуда. Дәрінің қоры жасақталған. Дәріханашы Гүлмира Аманбекқызының айтуынша, індетке қарсы қолданылатын азитромицин препараты ғана жоқ екен.

Ал «Қасым Фарм» дәріханалар желілерін аралап көргенімізде, ондағы медициналық бетперделердің 30 теңгеден сатылымға қойылғанына көз жеткіздік. «Сыздықбаева» жеке кәсіпкерлігінің дәріханасында да дәрі-дәрмек қоры жасақталған. Маска 25 теңгеден сатылуда.

Таңдаулы материалдар

Close