Basty bet

Жер телімдері баспанаға мұқтаждарға беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мемлекеттік саясаттың басты басымдығы екені атап көрсетілген. Осы ретте Президент жер үйдің тек баспана ғана емес, табысы аз, әсіресе көпбалалы отбасылардың экономикалық тірегі бола алатынын ескере келе, Үкімет пен әкімдіктерге «Нұрлы жер» бағдарламасының тиімділігін арттыруды, әлеуметтік жер үйлер салынатын учаскелерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету ісін жеделдетуді тапсырды.

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясында ауданымызда да мақсатты жұмыстар іске асырылуда. Аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мәліметтеріне қарағанда, тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін алу кезегінде тұрған азаматтар саны 2 879 адамнан асып отыр. Атап айтқанда, Бауыржан Момышұлы ауылында 1640 адам, Ақсай ауылдық округі бойынша 233 адам, Мыңбұлақ ауылдық округі бойынша 247 адам, Көкбастау ауылдық округі бойынша 328 адам, Нұрлыкент ауылдық округі бойынша 315 адам, Шақпақ ауылдық округі бойынша 98 адам және Боралдай ауылдық округі бойынша 18 адам тіркелген.
Тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер теліміне кезекте тұрғандар саны күннен-күнге өсуде.
Бағдарламаның ауданымызда іске асырылуы барысында Б.Момышұлы ауылындағы «Көктөбе» жаңа тұрғын алқабын 30 гектар (электр, сумен, газбен, автомобиль жолдары) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде аудан орталығында кезекте тұрған 170 азаматты жер телімімен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, ауданымыздағы Теріс, Қосбөлтек және Нұрлыкент ауылдарындағы тұрғын алаптарын инженерлік инфрақұрылымның электр жүйесімен қамтамасыз етіліп, Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылындағы жаңа тұрғын алабынан 61 жер телім, Қосбөлтек ауылынан 62 жер телімі және Нұрлыкент ауылынан 63 жер телімі электр жүйесімен қамтылды.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабына сәйкес 2020 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы тартылған тұрғын алаптардан кезекте тұрған 293 азаматқа жер телімі таратып берілген. Яғни, аталған жер телімдері Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Көктөбе», Көкбастау ауылдық округі аумағындағы «Теріс» және «Қосбөлтек» тұрғын алаптарынан берілді. Нұрлыкент ауылдық округінің Нұрлыкент ауылындағы тұрғын алаптан жер телімдері ауызсу жүйесі тартылған соң Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес беріледі.
Одан бөлек, Жуалы ауданының жеке тұрғын үй құрылысын 2022 жылға дейін дамыту картасына сәйкес, жалпы алаңы 86,7 гектар (Бауыржан Момышұлы ауылынан 36,7 гектар, Көкбастау ауылдық округінен 30 гектар, Ақсай ауылдық округінен 10 гектар, Нұрлыкент ауылдық округі 10 гектар) жер телімдерінің жаңа тұрғын алқаптарына газ және ауызсумен қамтамасыз етудің 10 жобасы бойынша облыстық құрылыс басқармасына 2021 жылға құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім берілді.
Сонымен қатар, жалпы алаңы 86,7 га (Бауыржан Момышұлы ауылынан 36,7 га, Көкбастау ауылдық округінен 30 га, Ақсай ауылдық округінен 10 га, Нұрлыкент ауылдық округі 10 га) жер телімдерінің жаңа тұрғын алқаптарына қиыршықты тас жолын салу бес жобасы бойынша облыстық құрылыстық басқармасына құрылыс жұмыстарына 2021 жылға бюджеттік өтінім берілді.
– 2019 жылы аудан бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімі кезегі жоқ елді мекендерден, бас жоспарға сәйкес 69 жер теліміне және ағымдағы жылдың бүгінгі күніне дейін 74 жер телімінің сызба жұмыстары жүргізіліп, Жуалы аудандық жер комиссиясының оң қорытындысын алды.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айының аралығанда кезегі жоқ елді мекендердің ішінен ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен 28 жер телімі берілді, – дейді бөлім басшысының міндетін атқарушы Тимур Қалдыбаев.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close