Basty bet

Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары

 

Ислам діні қазақ даласына таралғаннан бастап, ғасырлар бойы халықтың өміршең рухани-адамгершілік құндылықтарымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен кірігіп, дін мен дәстүр бірлігін құрады. Яғни, қазақ үшін дін- дүниеден тыс тұрған әлдебір тылсым күш емес, қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, дәстүрін, дүниетанымын көктей өтіп жатқан негізгі арқау болады.
Қазақ мәдениеті ғасырлар бойы Құран мен сүннетке имам Ағзам Әбу Ханифа мәзhабы мен имам Матуриди сенім мектебінен сусындаған. Ислам философиясын, құндылықтары мен өнерін дамыту мен жаңғыртуда қазақ жерінде мекен еткен ойшылдар: Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұт Қашқари, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұниден бастап, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Мәшhүр Жүсіп, Науан хазірет, Сәдуақас Ғылманиге дейінгі ұлттың ағартушы ұстаздары мен дін ғұламаларының үлесі зор. Солардың ерен еңбегінің нәтижесінде қазақ халқы исламның рухын сезініп, жанымен қабылдады.
Ислам рухани тазалық пен құндылықтардың өзегі, адам болмысының тұтастығын қамтамасыз ете алатын пәрменді күш ретінде адамзат санасына ұялай бастағандығы ең маңызды фактор. Жалпы алғанда, әрбір халықтың мәдениеті, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрі сол халықтың рухани дамуының негізін қалайды.
Ата-бабаларымыздан қалған “Үш қасиетті: дініңді, діліңді, тіліңді сақта!” деген қанатты сөз бар. Ұлт негізін құрайтын осы үш қасиет болып табылатындықтан, оның тұтастығына қауіп төндіретін кез келген құбылыспен күресу ел азаматтарының тарих алдындағы парызы болмақ.

Талғат ӘМІРӘЛИЕВ,
Билікөл ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close