Basty bet

Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі

Ет өнімдері бірегей өнімдер қатарына қосуға болады, адамзаттың бүкіл өмірінде барлық жастағы адамдардың және қауымдардың күнделікті тамақ рационына міндетті түрде кіреді.
Қазіргі заманда ет өнімдері балықпен қатар жалпы әлемдік аспаздық дәстүрде ең танымал және кеңінен тараған ингридиенттердің бірі болып саналады, сондай-ақ, адам ағзасының тіршілік процесінде маңызды рөл атқарады.
Ет өнімі – сойылған өнімдерді пайдалана отырып қайта өңдеу жолымен дайындалған тамақ өнімі.
Ет өнімдерінің құндылығы, ең алдымен, ақуыз болып табылады. Ет өнімінде көптеген амин қышқылдары, дәрумендер, минералдар, майлар бар.
Адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздігіне байланысты сою өнімдері мен ет өнімдерін тұтынушыларды адастыруға алып келетін іс-қимылдың алдын алу мақсатында, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне таралатын Кедендік Одақтың 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі» туралы техникалық регламент әзірленген.
Техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалаудан (растаудан) өткен сою өнімдері мен ет өнімдері Кеден одағының мүше-мемлекеттерінің нарығында өнімді бірыңғай айналу белгісімен таңбаланады.
Ет өнімдерінің техникалық регламенттің және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растауды өтінім беруші жеке дәлелі негізінде және Кеден одағының сынақ зертханалары (орталықтары) мен сертификаттау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енген сынақ зертханасы (орталығы) аккредиттеген менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша органның қатысуымен алынған дәлелдер негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы жолымен жүзеге асырылады.
Ет өнімдері топтамасының осы техникалық регламенттің және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына мәлімделген сәйкестігін растауды қамтамасыз ету үшін өтінім беруші Кеден одағының сынақ зертханалары (орталықтары) мен сертификаттау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енген аккредиттеген сынақ зертханасында ет өнімдерінің үлгілерін сынауды жүргізеді. Осы техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалаудан (растаудан) өткен сою өнімдері мен ет өнімдері Кеден одағының мүше-мемлекеттері нарығында өнімдерді бірыңғай айналым белгісімен таңбалануы тиіс.
Сою өнімдері мен ет өнімдерін (оның ішінде, балалар тағамына арналған ет өнімдері мен сою өнімдері) өндіру процесінің сәйкестігін бағалау осы техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген тәртіппен өндірістік объектілерді мемлекеттік тіркеу түрінде осындай процестерді жүзеге асырғанға дейін (өнімді айналымға шығарғанға дейін) жүргізіледі.
Сою өнімдері мен ет өнімдерін (оның ішінде балалар тағамына арналған ет өнімдері және балалар тағамына арналған сою өнімдерін) өндіру, сақтау, тасу, өткізу және кәдеге асыру процесінің сәйкестігін бағалау осы техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестік Осы техникалық регламенттің талаптарында және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарында белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) түрінде жүргізіледі.

Райхан Исаханова,
аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық- гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламентіне бақылау бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close