Basty bet

Ағымдағы нысаналы трансферттер қалай жұмсалуда?

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің аймақтарында өткен жылдың қаңтар айынан бастап төртінші деңгейдегі бюджеттің енгізілгені белгілі.

Төртінші немесе дербес бюджет деп аталатын бюджеттің бұл түрі халқының саны 2 мыңнан асатын ауылдық округтерге енгізілген. Ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген бұл қаржы елді мекендердің ажарын ашып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталады.
«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарына сай дербес бюджеті бар округ әкімдері бірқатар салықтық түсімдерден жиналған қаржыны жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кеңесе отырып, елді мекендердегі өзекті мәселелерді шешуге жұмсай алады.
Аудан әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің мәліметіне қарағанда, бүгінде төртінші деңгейдегі бюджет аудандағы 12 ауылдық округте қалыптасқан, жыл соңына дейін шалғайдағы Қошқарата және Билікөл ауылдық округтерінде де дербес бюджет қалыптасатын болады.
Жергілікті жерлерде әлеуметтік маңызы бар шараларды іске асыру мақсатында Бауыржан Момышұлы ауылы мен ауылдық округтер әкімдіктерінің бюджеттері аудандық бюджет есебінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттермен де толықтырылып отырады.
2020 жылы аудандық бюджет есебінен Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі және ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 648 927 мың теңгені құраған. Бұл қаражат ауылдық округтер әкімдіктері ғимараттары алдынан пандустар орнатуға, бірқатар ауылдық округтер әкімдіктеріне қызметтік автокөлік сатып алуға, сонымен бірге «Сервистік әкімдік» форматын іске асыруға, округтерде аппараттық жиналыстарды бейнеконференциялық байланыс желісін ұйымдастыруға, елді мекендерді көріктендіруге және тазалық шараларына, арық-атыздар тазалауға және т.т. жұмыстарға жұмсалған.
2021-2023 жылдары аудандық бюджет есебінен берілетін Бауыржан Момышұлы ауылы әкімі және ауылдық округтер бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 407 553 мың теңге жұмсау көзделген. Мәселен, 452 бағдарлама әкімшісі – аудан әкімдігінің қаржы бөлімі арқылы ағымдағы жылы 113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бағдарламасы бойынша Жетітөбе ауылдық округі әкімі аппаратына қызметтік ВАЗ-21214 автокөлігін сатып алуға 2021 жылы 6,0 млн теңге бағытталады. 2022-2023 жылдары Ақсай және Қызыларық ауылдық округтері әкімдері аппаратының ғимаратын ағымды жөндеуге 23 386 теңгеден, 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 19 982 мың теңге, Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылындағы Расылхан көшесін күн батареяларымен қуат алатын көше жарығын жүргізуге 2 731 мың, Б.Момышұлы ауылы Бәйдібек батыр, Қойгелді батыр, Ш.Қалдаяқов, Б.Үсенов, Төле би және Жанқожа көшелерін жарықтандыруға 17 251 мың теңге көзделген.
Одан бөлек, 458 бағдарлама әкімшісі аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы ағымдағы жылы елді мекендерді көріктендіру, жарықтандыру, жолдарды ағымдағы жөндеу, жолаушылар жолын салу, су жүйелерін жөндеу және т.б. жұмыстарға жалпы сомасы 354 781 мың теңге қаралған. Мәселен, осы қаражаттың 84 389 мың теңгесі 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша қарастырылған. Соның ішінде Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылына спорт алаңшасын орнатуға 9 720 мың теңге, Боралдай ауылдық округі Ертай ауылының кіреберісіне арка орнатуға 14 577 мың, Бауыржан Момышұлы ауылы Жанқожа, Ш.Уәлиханов және Ақжол көшелеріне суағар науалар мен жаяу жүргіншілер жолын салуға 18 808 мың, Бауыржан Момышұлы ауылындағы екі қабатты тұрғын үй аумағын абаттандыруға 15 846 мың, Мыңбұлақ ауылдық округінің аумағына бейнебақылау камераларын орнатуға 4 500 мың, Қызыларық ауылдық округінің Ақтөбе ауылындағы Руханият көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салуға 16 348 мың, Көкбастау ауылдық округінің Теріс ауылындағы Тәліп және Бектеміс көшелерінің арасындағы жаяу жүргіншілер жолын орта жөндеуге 4 599 мың теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, 013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 3 889 мың теңге қаралып, бұл қаражат Жетітөбе ауылдық округінің Тасбастау ауылындағы Бағлан Үсіпбаев көшесін ағымды жөндеуге жұмсалмақ. Ал, 014 «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қаралған 3 375 мың теңге Қошқарата ауылдық округінің Ақтасты ауылындағы каналды ағымды жөндеуге бағытталады.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің елеулі бөлігі, атап айтқанда 243 137 мың теңгесі 045 «Көлiк және коммуникация» бағдарламасына, яғни ауылдық округтердегі елді мекендердің көше жолдарын орта жөндеуге бағытталып отырғанын баса айтқан ләзім. Мәселен, Шақпақ ауылдық округінің Шақпақата ауылындағы №1 Оразбаев көшесін қиылысымен бірге орта жөндеуге 32 947 мың, Ақсай ауылдық округінің Қайрат ауылындағы А.Байтұрсынов көшесін орта жөндеуге 13 243 мың Ақсай ауылдық округі Диқан ауылындағы Жамбыл көшесін орта жөндеуге 16 883 мың теңге қарастырылған. Сондай-ақ Боралдай ауылдық округі Ертай ауылындағы Тиесарық көшесін орта жөндеуге 8 587 мың, осы ауылдық округтің Көлтоған ауылындағы Бауыржан Момышұлы және Рысбек батыр көшелерін орта жөндеуге тиісінше 9 334 мың және 7 663 мың, Қарасаз ауылдық округінің Қарасаз ауылындағы Абай көшесі мен Бірлік көшесінің бір бөлігін орта жөндеуге 22 630 мың, осы ауылдық округтің Ақбастау ауылындағы Қойгелді көшесін орта жөндеуге 14 082 мың теңге қарастырылған, Сонымен бірге Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылындағы Д.Ковешников көшесін орта жөндеуге 27 534 мың, осы ауылдық округтегі «Көлбастау-Талапты» автожолынан Бауыржан Момышұлы стелласына дейінгі жолды орта жөндеуге 11 236 мың, Нұрлыкент ауылдық округінің Нұрлыкент ауылындағы Болашақ және Атакент көшелерін орта жөндеуге тиісінше 13 417 мың және 13 173 мың, Күреңбел ауылдық округінің Қаратас ауылындағы Байшаханов көшесін орта жөндеуге 18 000 мың, Көкбастау ауылдық округінің Теріс ауылындағы А.Замбаев көшесін орта жөндеуге 5 254 мың, Билікөл ауылдық округінің Дарбаза ауылындағы Дарбаза көшесін орта жөндеуге 20 446 мың, Қошқарата ауылдық округінің Қошқарата ауылындағы №1, №2, №3 бұрылыстарға орта жөндеуге 8 708 мың теңге қарастырылған.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close