Basty bet

Аурудан құтылудың төте жолы

Коронавирус індетінің біздің елімізге де жетіп, халықты әбігерге салғанына да бір жылға таяу уақыт болды. Індет халықтың өмір сүру салтына едәуір өзгерістер әкелді. Ең бірінші, денсаулықтың қадірін білуді, саламатты өмір салтын ұстануды үйретті.
“Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” демекші, қазір көпшілігіміз ауырмаудың жолымен жүруді әдетке айналдырып келеміз. Алайда, немқұрайдылық танытып, жайбарақат жүргендер де аз емес.
Елімізде 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинациялау басталды. Вакцина ең әуелі медицина саласының қызметкерлеріне салынуда.
Жұқпалы аурудың алдын алуда халықты вакцинациялау бұрыннан бар әдіс. Яғни, аурудан құтылудың төте жолы осы ғана.
Бұрынғы заманда медицина саласы дамымаған кездері түрлі аурулардан қаншама адамдар көз жұмған. Ондай жағдайлар туралы ата-әжелеріміздің әңгімесінен жақсы білеміз. Кейін медицина дамып, халыққа аурудың алдын алу шаралары жасалып, ем жасалғаннан кейін барып жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітім азайды емес пе?! Сондықтан мен вакцина жасату туралы шешімді қолдаймын.
Вакцина 65 жастан асқан адамдарға салынбайды. Әйтпесе, мен өз еркіммен барып алғашқылардың бірі болып екпе салдырар едім.
Қазір, Аллаға шүкір елімізде медицина саласы дамып келеді. Халықтың да көзі ашық. Сондықтан мен мамандар айтқандай, аурудың алдын алудың төте жолы халықты жаппай вакцинациялауды қолдаймын.
Алла тағала елімізді ертерек індеттен арылуға жазсын. Ауырып жатқандар болса, алған емдері шипа болып, сауығып кетулеріне тілектеспін!
Сақтық шараларын сақтап, ауырмай жүрейік, ағайын!
Мейрамбек Сәулембеков,
зейнеткер.
Б.Момышұлы ауылының тұрғыны

Таңдаулы материалдар

Close