Basty bet
Еліміздегі жетекші саяси күшке – 22 жыл
Тарихқа аз-кем тоқталар болсақ, осыдан тура 22 жыл бұрын, яғни 1999 жылдың 1 наурызында «Отан» партиясының Бірінші тарихи съезі өтіп, онда Елбасы бірауыздан «Отан» партиясының Төрағасы болып сайланды.
Содан бері партия жылнамасына алтын әріптермен жазылған осы мерейлі датада Партия күнін атап өту игі дәстүрге айналды. «Nur Otan» партиясы алғашқы құрылған күннен-ақ, тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып келеді. Әрі партия елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым болып табылады.
Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы әрбір жетістігі, құнды шешімдер мен заңдардың қабылдануы «Nur Otan» партиясының қатысуымен өткенін қазақстандықтар жақсы біледі. Осы уақыттан бері «Nur Otan» еліміздің барлық аймақтарында қанатын жайған, қатары көп, халықтың зор сеніміне ие болған жетекші партия ретінде жарқын істердің жаршысы əрі дем берушісі.
Бүгінде партияның өзіндік дәстүрі, қол жеткізген табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар. Партия әлі күнге дейін, əлеуметтік мəселелерді шешуге атсалысу еліміздегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты жолы екенін басты назарда ұстап келеді. Бұл ретте қоғамдық қабылдаулардың, партиялық бақылаудың маңыздылығын айтып өту орынды.
«Nur Otan» партиясы – мемлекеттілігіміздің мызғымауын, еліміздің өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуге де бірден-бір қауқарлы саяси күш. Мұны праймериз нәтижелері анық көрсетті. 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында «Nur Otan» партиясы өз тарихында алғашқы рет праймериз, яғни партияішілік іріктеу өткізді. Бұған дейін әлеуетке етене таныс болған саяси процесс- праймериздің басты мақсаты- «Мықты лидерлер – мықты партия» қағидаты жүзеге асыру болды.
2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Елімізде тұңғыш рет партиялық тізім бойынша өткізілген сайлау COVID-19 пандемиясының аса күрделі кезіңіне тұспа-тұс келді. Нәтижесінде 5 саяси партия түскен бәсекеде «Nur Otan» партиясы жеңіске жетті.
Сондай-ақ, еліміздің алдағы бес жылға арналған сан-салалы қызметтерінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттарын айқындаған «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, бүгінде өз жұмысын бастап кетті.
Жалпы халықтық партияның мақсаты мен міндеті – еркін еліміз бен азат ұлтымыздың қарқынды дамуына барынша қолайлы жағдайлар жасау.
Анар АХМЕТОВА,
«Nur Оtan» партиясы Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары