Basty bet

Озат қызметкерлер марапатталды

Аудан әкімідігінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Уркумбаев ашып, аталған сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.
Жиында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Шерхан Оспанов пен Күреңбел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ғибрат Тауасаров ҚР Мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады.
Сонымен бірге бірқатар озат мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің және аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғысхатымен, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының Грамотасымен марапатталды.
Сондай-ақ, бірқатар полиция бөлімінің ардагерлеріне сый-құрмет көрсетілді.
«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close