Basty bet

50 отбасына көмек көрсетілді

Жаны жайсаң, жүрегі жомарт, қайырымды жан – ел тірегі. Ертеңіміздің кепілі бола білген, жас ұрпаққа игі бастамаларды бастауға себепші болған, халықтың алғысына бөленген жандардың игі істері көпшіліке үлгі-өнеге.
Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандар баршылық.
Осы орайда, «Ақпан айы – кеңес беру айлығы» аясында №1 мектеп-гимназияның психологтары меценаттарды тарта отырып, әлеуметтік көмекке мұқтаж аудан тұрғындарына қолдау көрсету үшін зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу жұмыстарына мектеп директоры Элмира Әбішева, мектеп әкімшілігі, аудандық мешіт имамдары және «Өркен-ниет» қоғамдық қорының еріктілері қатысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 50 отбасына көмек беру қажеттілігі анықталды. Анықталған әр отбасына «APPAZ-GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 35 мың теңге көлемінде қаржы бөліп, осы қаражатқа қажетті азық-түліктермен қолдау көрсетті.

Мира Өскенбаева,
№1 мектеп-гимназияның психологі

Таңдаулы материалдар

Close