Basty bet

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер үлестірілді

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында атаулы әлеуметтік көмек алушы 706 отбасындағы 1-6 жастағы 805 бала анықталып, тізімдері әзірленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы №25 «Азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілген қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы» қаулысы бекітілді. Осы қаулыға сәйкес облыстық басқарма арқылы азық-түлік бағасына талдау жасалып, баға анықтау жұмыстары жүргізілді.
Өнім берушілердің ішінен ұсынылған баға бойынша жеке кәсіпкер Ләззат Нүрпейісова әлеуметтік қызмет көрсету порталына тіркелді және өз жұмысын бастады.
Ұсынылған тізімдер бойынша 1-6 жастағы 807 балаға 2 айға азық-түлік топтамалары жеке кәсіпкердің «МЕР» дүкені арқылы таратылуда.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close