Basty bet

Мерекенің әр күні атап өтілуде

14 наурыз – ШУАҚ КҮНІ
Бұл күн қазақы жыл қайыру бойынша Сиыр жылының басы. Бұл күн – мүшелдік жаңа жылдың кіретін күні. Бұл күні адамдар ерте тұрып, бір-бірімен жаңа жылға аман жетуімен құттықтап, амандасады. Көрісу жоралғысын жасайды. Күреңбел, Қарасаз, Қошқарата ауылдық кітапханаларында «Амал келді, жыл келді!» тақырыбында кітапхана оқырмандарымен көрісу күнін атап өтті.
15 наурыз – АЛАС КҮНІ
Бұл күн негізінен рухани және тәндік тазару күні болып табылады. Бұл күні адамдар үй-жайын, мекемелер кеңселерін тазартады. Отпен аластайды, дезинфекция жасайды. Қарабастау, Нұрлыкент ауылдық кітапханалары алас күніне «Тазалық – саулық негізі» атты көрініс ұйымдастырды.
16 наурыз – ЖАЙНАУ КҮНІ
Бұл күн айналаны толық безендіруге арналады. Әрбір отбасы мен мекемелер үйлерді, орынжайларды безендіреді. Наурыздың басты атрибуты жолтерек, алтыбақан үйге алаңға, көшеге не аулаға орнатылады. Бәйтерек ауылдық кітапханасы кітапхана ішінде безендіру жұмыстарын жүргізді.
17 наурыз – ШАТТЫҚ КҮНІ
Аталмыш күн – наурыздың көңіл күйі болып есептеледі. Бұл күні барлық жерде жарқын көңіл көтерерлік шаралар мен науқандар, концерттер өткізіледі. Сұрым ауылдық модельді кітапханасы, Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Шуақ сыйлаған шаттық күн» атты мерекелік кештер ұйымдастырылды.
18 наурыз – БЕРЕКЕ КҮНІ
Жуалы аудандық орталық кітапханасының ұжымы 18 наурыз – БЕРЕКЕ КҮНІНЕ орай салт-дәстүрді жалғастыру, өскелең ұрпақты мейірімділікке, ауызбіршілікке, бауырмалдыққа, татулыққа тәрбиелеу мақсатында наурыз көже дайындап, таратты.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Таңдаулы материалдар

Close