El іshі

ҚазҰУ – сенің болашағың!

Біз 21 ғасыр жастары – болашағы жарқын, рухани байлығы мол, күн сайын жаңа белестерге шығып, гүлденіп келе жатқан мемлекеттің азаматтарымыз.

Қазақстан – туған жеріміз, туып өскен еліміз. Әр қазақстандықтың жүрегінде өз елім үшін қызмет етсем екен, дамуына көмек берсем екен деген ой қалыптасуы тиіс. Ата-бабаларымыз жас ұрпақтың болашағы үшін өз өмірлерімен қош айтысып, жері үшін,елі үшін күрескен. Алдымызға қойылатын негізгі міндеттеріміз – жақсы білім алып, келешекте жақсы маман атанып, еңбегімізді аямай, қызмет жасауымыз керек.
Қазіргі таңда жас мамандарды даярлау үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Жаңа технологиялар, оқулықтар, мектептер, университеттер осының барлығы білім саласын нығайту үшін қарқынды дамуда.
Әр азаматтың өзінің жүрегі қалаған мамандығы бар. Қайбір мамандық болсын, оның өз маңыздылығы, пайдасы мен ерекшеліктері болады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасы бойынша бірінші орында, ал ТМД бойынша екінші орында тұр. Әлемдік QS рейтингі бойынша 207-ші орынды иеленуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім береді, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің лидеры болып табылады.
Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 40-тан аса Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері 40-қа жуық Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 47 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте кәсіби білім беру көпсатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам білімгер мен магистрант білім алуда.
Қазақ ұлттық университеті студенттеріне барлық жағдайды жасау үстінде. Студенттерге арналған интернет орталығы, Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, мұражай, тамақтандыру комбинаты, студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет», компьютерлі-техникалық жабдықталған кабинеттер, WI-FI сымсыз интернет желісі, ауқымы кең спорттық кешені, Дмитрий Баландин атындағы 25 метрлік жүзу бассейні сияқты орталықтар орналасқан. Онымен қоса ең бай кітапхана – Әл- Фараби атындағы кітапхана орналасқан. Қойнауында 2 миллионнан астам кітап қоры бар зәулім сарайда әр студент өзінің керегіне еш қиындықсыз қол жеткізе алады. Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие болған бұл кітапханада Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын мұражайы, ұлы ғұламаның ғылыми-ағартушылық мұрасын зерттеумен айналысатын әл-Фараби орталығы орналасқан.
ҚазҰУ-мен мақтанамын, тіпті халыққа танымал болып жүрген азаматтарды біздің түлегіміз деп естігенде, көңілім көтеріліп, бір қуанып қалатыным бар.

Гүлнар Нұрғалиева,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғарғы мектебі, қаржы және есеп кафедрасы профессорының м.а.

Таңдаулы материалдар

Close